Қоғам

Дариға Назарбаева журналистердің ашуын келтірген ережеге пікір білдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновДарига Назарбаева
Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат депутаты аккредитациялау ережесін талқылау барысында оң өзгерістер байқағанын атап өтті

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Дариға Назарбаева қазақстандық журналистерді іс-шараларға аккредитациялау ережесіне енгізілетін өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осыған дейін ақпарат және коммуникациялар министрлігі іс-шараларға журналистерді қатыстыру ережесін күшейтуді ұсынған болатын. Бұған журналистер қарсылық білдіріп, митинг өткізуге өтініш білдірді.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева: журналистердің аузын жабуға болмайды
"Ол ережені мұқият қарап шықтым. БАҚ-тағы барлық медиа қауымдастық пен ақпарат және коммуникациялар министрлігінің пікірін білдім. Осы уақыт ішінде бір-бірімізбен байланыста болдық. Кеше ақпарат және коммуникациялар министрі (Дәурен Абаев – агенттік ескерт.) кәсіби қауымдастықпен келісім жасалған жағдайда ғана тиісті бұйрық шығарылатынын айтты", - деді депутат.

Осы орайда Дариға Назарбаев аталған мәселені талқылау барысында оң өзгерістер байқағанын атап өтті.

"Мен мұнда екі үлкен "плюсті" көріп тұрмын. Біріншіден, атқарушы биліктің нормативті-құқықтық актілері жобасымен онлайн режимде танысуға мүмкіндік туды. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған. Сонымен қатар мен журналистердің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ғана емес, басқа да органдардың нормативті-құқықтық құжаттарын қарағанын қалар едім", - деді ол.

Оның айтуынша, парламентте заңдар қабылданған соң тараптар арасында түсініспеушіліктер туындап жатады.

"Екіншіден, сіздер аталған мәселені талқыға салып, қарсылық білдіріп, өз ойларыңызды айтуға мүмкіндік алдыңыздар. Менің ойымша, қазіргі таңда журналистердің ғимаратқа кіруі мәселесінен басқа, негізгі дау тудырған мәселелер алынып тасталды. Бұл ғимараттағы журналистерге арналған орынның жеткіліксіздігімен байланысты. Мұнда министрліктің өз дәлелдері бар. Расында, мен әзірге аталған мәселеге байланысты редакциялардың дәлелдерін естіген жоқпын. Менің ойымша, бұл жерде де келісімге келудің жолын (консенсус) табу керек. Бірақ мен аталған ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Бір редакция бір шараға 5 адам жіберуі мүмкін бе? Мұны әзірге білмейді", - деп түйіндеді сөзін Дариға Назарбаев.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Өзін-өзі жазалауы керек" Дариға Назарбаева мүдделер қақтығысы мәселесін қозғады
Айта кетейік, Ақпарат және коммуницауиялар министрлігі 2013 жылғы маусымдағы "журналистерді аккредитациялау қағидаларын бекіту туралы" №138 бұйрығына бірқатар толықтыру енгізуді қарастырып отыр.

Жаңа құжаттың жобасы бойынша, іс-шарадан хабар дайындайтын журналист аккредитация беруші мекемеге жеке бас куәлігінің көшірмесін тапсырып, мекеменің ішкі тәртібін сақтауға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына жазбаша келісім беруі және журналист пен БАҚ арасындағы келісімшарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжат көшірмесін беруі міндетті.

Алайда журналисте аталған құжаттар толық болмаған жағдайда немесе өтiнiштiң мазмұны талаптарға сәйкес келмесе, әрі жиын, отырыстар мен басқа да іс-шаралар өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда мекеменің журналисті тіркеуден бас тартуға құқығы бар.

Жаңалықтар
0