Қоғам

Сенат депутаты: Әділетсіздікті көрсек, әрқашан араласамыз

© Sputnik / Болат ШайхиновПредседатель комитета по международным отношениям, обороне и безопасности сената парламента Казахстана Дарига Назарбаева
Председатель комитета по международным отношениям, обороне и безопасности сената парламента Казахстана Дарига Назарбаева   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаева жаңалықтарға жазылған пікірлерді оқып, қоғамның реакциясын біліп отыратынын айтты

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Дариға Назарбаева қоғамның назарын аударған оқиғаларды үнемі бақылап отыратынын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыстан шыққан сенатор журналистерге әлемдегі және Қазақстандағы жаңалықтарды үзбей оқып отыратынын айтты. Сонымен қатар ол жағымсыз жаңалықтарды да қалт жібермейді екен.

Микрофоны во время переговоров по Сирии - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бірдеңе істеу қажет" Назарбаева журналистердің рейтинг қуып кеткенін айтты
"Әрине, оқимын. Оларды қалай оқымайсың? Біз болған жағдайға пікір білдіруіміз қажет қой. Пікірлерді оқимын, қоғамның реакциясына қараймын", - деді Назарбаева.

Сонымен қатар ол қоғамда әділетсіздік болса, оған депутаттар да араласатынын атап өтті.

"Егер әділетсіздікті көрсек, оған әрқашан араласамыз. Бірақ біз оны ашық түрде жарияламаймыз. Жағдайды ушықтырғымыз келмейді. Салалық министрліктермен бір деңгейде ақылдасамыз. Менің ойымша, мұндай жұмыстар талап етіп, айғайлағанға қарағанда конструктивті және нәтижелі болмақ", - деді депутат.

Журналистер Дариға Назарбаевадан неліктен елімізде сөз бостандығы рейтингісі төмендеп бара жатқанын да сұрады.

"Сіз қалай ойлайсыз? Бізде сөз бостандығы бар ма? Біздегі әлеуметтік желіде барлығы ашық жазылуда. Мен сіздің қандай рейтингті айтып тұрғаныңызды білмеймін. Сондай-ақ рейтингтерге көп сене беруге болмайды. Себебі, оны кім және қалай құрастыратынына байланысты. Сондықтан мен рейтинг қуатындарға сыни көзбен қараймын", - деді сенат депутаты клуарда.

 

Жаңалықтар
0