13:27 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Күләш Шамшидинова

"Жұмысты бастайық" Жаңа білім министрі журналистерден біраз уақыт сұрады

© Photo: официальный сайт акимата Алматинской области
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
441000

Президенттің жарлығымен білім және министрі болып Күләш Шәмшидинова тағайындалған еді

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова министрліктегі мәселелердің байыбына бару үшін уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алдымен жұмыс істеп бастайық, кейін мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын", - деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.

Осы кезде БАҚ өкілдері жаңа басшыдан министрліктегі проблемалардың байыбына баруға қанша уақыт керек екенін сұрады.

"Мұны қысқа немесе ұзақ уақытпен анықтау мүмкін емес. Сондықтан, сол бұрынғы қарқынмен жұмыс істейміз. Жұмыс істеп бастайық, содан кейін мен барлық сұраққа жауап беруге дайын боламын", - деді ол.

Айта кетсек, 25 ақпанда Қазақстан президентінің жарлығымен Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Ерлан Сағадиевті алмастырды.

Күләш Шәмшидинова 1958 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1979) "Химия оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы қызметі – "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ басқарма төрайымы.

Тақырып бойынша

Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады
Білім министрлігі баланың қандай жағдайда 0-сыныпқа бара алмайтынын түсіндірді
Сағадиев хиджаб киетін оқушыларға қатысты мәселеге нүкте қойды
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова туралы не білеміз?
Назарбаев депутаттардың алдында Сағадиевті мақтады
Кілт сөздер:
Білім және ғылым министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып