11:21 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Руслан Дәленов

Министр Дәленов: тариф арзандамаса, тікелей маған хабарласыңыздар

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
234 0 0

Министрлік әр азамат тарифтің өзгеріп-өзгермегенін салыстыру үшін барлық облыс пен қалалар бойынша ақпарат жариялайды

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазақстандықтардан коммуналдық қызметтердің тарифі төмендемеген жағдайда, жеке өзіне хабарлауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тарифтер қатысты айтайын. Мен кеше пошта жәшігінен түбіртек алдым. Әлі қараған жоқпын, жай ғана айтып өтейін. Электр қуаты бойынша тариф 15,32 теңге болса, енді 10 процентке төмендеп, 13,89 теңгені құрап отыр. Бұл Астана бойынша. Жылу 3 097 теңге болды, енді – 2 788 теңге. Менде бәрі 10 процентке төмендеген. Егер олай болмаған жағдайда, тікелей маған хабар беруді сұраймын, мен бұл мәселені бақылауға аламын", - деп уәде берді Дәленов үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, министрлік әр азамат тарифтің өзгеріп-өзгермегенін салыстыру үшін барлық облыс пен қалалар бойынша ақпарат жариялайды.

"Шағымданыңыздар, тариф уәде етілгендей төмендеу үшін мен әрбір жағдайды бақылауға аламын. Халық өзгерістерді сезінуі керек", - деді министр.

Тақырып бойынша

Қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифі қанша теңгеге арзандайды
Жаңа министр: таяуда жәрдемақының жаңа мөлшері жария етіледі
Кілт сөздер:
тарифтер, Руслан Дәленов
Загрузка...

Басты тақырып