12:59 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қыз

Он тоғыз жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың адам сенгісіз тағдыры

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1825771

Қазақстандық қыз құжаты болмаса да, күйеуге шығып, кейін ажырасып, осы күнге дейін даяшы болып жұмыс істеп жүрген

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Әсел Дүйсенбаева 1984 жылдың 13 қаңтарында  Атырау облысында дүниеге келген.

2000 жылы 7 cәуірде сүйіктісі - тәжікстандық жігітпен Саратов-Душанбе бағытындағы пойызға отырып, Атыраудан Тәжікстанға кетіп қалады. Қолында туу туралы куәлігі ғана болған, кейін оны да жоғалтып алыпты.

Душанбе қаласының вокзалына келгеннен кейін тәжік жігіті Әселді алдап, тастап кеткен. Вокзалда жүргенде жергілікті бір әйелмен танысып, соның үйінде 10 жыл тұрған екен.

Қостанайда жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

2011 жылы басқа бір тәжікстандықпен азаматтық некеге тұрып, 2013 жылы ажырасып кетеді, екеуінің балалары болмаған. Осы уақытқа дейін Душанбе қаласындағы дәмханада даяшы болып жұмыс істепті.

Тағдыры шешілген сәт

Биыл қаңтарда Әсел Душанбе қаласына келген Қазақстан азаматымен танысып, оған өз суретін және жеке деректерін береді. Ол WhatsApp желісі арқылы Әсел туралы ақпаратты таратып, нәтижесінде әйелдің анасы Мұстақима Дүйсенбаева қызын танып, Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігіне өтініш жолдаған екен.

Сонымен бірге, Әсел туралы естіген атыраулық депутат Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтан қазақстандық қызды табуға көмектесуді өтінеді. Атамқұлов еліміздің Душанбедегі елшісіне телефон соғып, Әселді іздеуге тапсырма береді.

Елшілік әйелді табу үшін Тәжікстанның құзырлы органдарына сауал жіберген. Қазақстандық дипломаттар мен Тәжікстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-іздестіру басқармасы үйсіз-күйсіздерді қабылдайтын орындарды аралап, сондай-ақ тіркеуде тұрған немесе құжатсыз жүрген адамдар арасында іздеу жұмыстарын жүргізеді. Бұдан бөлек, елдегі түрлі дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар тексерілген екен.

Астанада ұшты-күйлі жоғалған қыздың тағдыры белгілі болды

Алайда іздеу жұмыстарынан еш нәтиже болмайды. Қолдарында фотосы ғана бар, қыздың есімін ғана білетін дипломаттар үшін бірнеше жүз мың xалқы бар Душанбеден Әселді іздеп табу оңай емес еді.

Күтпеген кездесу

19 ақпан Әсел үшін қуаныш пен шаттыққа толы күн болды. Сол күні Қазақстан елшілігінің консулы Асылхан Бекбосыновқа Душанбе қаласының полиция қызметкері телефон соғып, Әселге ұқсайтын әйелді көргенін хабарлайды. Бекбосынов сол жерге дереу барса, ол әйел Әсел емес болып шығыпты.

Жоғалған қазақстандықты табамыз деген үміті үзілген Асылхан Бекбосынов жұмысқа қайтып бара жатқанда, жол шетінде Әселге ұқсайтын әйелді байқады. Дереу тоқтап, қасына барып, "Сіздің есіміңіз Әсел емес пе?" деп сұрайды. Әсел бұл сұрақты қазақша түсінбей, оған тәжікше сөйле бастайды. Консул сұрағын орысша қайталағаннан кейін ғана, "ия, есімім Әсел" деп жауап берді.

Бекбосынов Әселге туыстары іздеп жүргенін айтып, анасының видеосын көрсетеді. Оны көрген әйелдің көңілі босап, жарты сағат көз жасын тыя алмаған.

Алматыда жоғалып кеткен музыкантқа қатысты суыт хабар жетті

Әселдің қолында ешқандай құжаты болмағандықтан, консул Атырау қалалық АХАЖ бөлімінен туу туралы актілік жазбаның көшірмесін шұғыл түрде сұратады. Сол көшірменің негізінде Қазақстанға қайтып оралуға арналған куәлік рәсімделді.

Елшілік қызметкерлерінің көрсеткен қаржылай көмегімен 22 ақпанда Душанбе-Алматы-Атырау бағыты бойынша отанына аттанған Әсел Атырау қаласына аман-есен жетіп, анасы және туыстарымен 19 жылдан соң қайта қосылды.

Кілт сөздер:
қазақстандық қыз, Тәжікстан, жоғалып кету
Загрузка...

Басты тақырып