14:05 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Нұрсұлтан Назарбаев

Тараздағы төтенше жағдай: Назарбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
241 0 0

Бүгін Таразда көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, соңғы дерек бойынша үш адам ажал құшқан

Астана, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы төрт қабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

"Бүгін таңертең Тараздағы тұрғын үйде газ жарылғаны туралы хабар алдым. Отбасыларына көңіл айтамын. Оқиға орнында үкімет мүшелері жұмыс істеп жатыр. Олар тиісті көмекті көрсетеді", - деді Елбасы Астанадағы "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Осы орайда президент газды пайдалану кезінде өте сақ болу қажеттігін ескертті.

"Еліміз үлкен. Күн сайын бірдеңе болып жатады. Онымен кім шұғылдануы керек? Премьер-министр бе? Жауапкершілік жергілікті атқарушы билікте. Сондай-ақ отбасылардың өзі де жауап беруі қажет. Газды пайдалану кезінде сақ болған жөн", - деп сөзін түйіндеді Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең Таразда төрт қабатты тұрғын үйде газ жарылып, соңғы мәлімет бойынша, 3 адам қаза тапты.

Кейін премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылып, олар Тараз қаласына шұғыл аттанып кетті.

Тараздағы жарылыс: қаза тапқандар саны артты

Тақырып бойынша

Астанадағы "Нұр Отан" партиясының съезі: Назарбаев мәлімдеме жасайды
Назарбаев 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды
Назарбаев әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды
Кілт сөздер:
көңіл айту, Назарбаев, жарылыс, Тараз
Загрузка...

Басты тақырып