22:42 20 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Ана мен бала

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек мөлшері көбейеді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2330 0 0

Сондай-ақ, Назарбаев азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау процесін жеңілдетуді тапсырды

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атаулы әлеуметтік көмекті ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тұрмысы нашар, әсіресе көпбалалы отбасыларды қамту үшін үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін көтеруді тапсырамын", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сьезінде.

Осы орайда президент азаматтар түрлі кабинеттің есігін қақпас үшін, әлеуметтік көмекті тағайындау процедурасын оңтайландыруды тапсырды.

"Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, көпбалалы аналардың жәрдемақысын, мүгедектік үшін төленетін жәрдемақыны алып тастау керек. Өйткені, әлеуметтік қызметтер осының бәрін қосып есептегенде, тұрмысы нашар емес, ауқатты отбасы болып шыға келеді", - дейді Назарбаев.

Назарбаев қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды

Айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекпен 830 мыңнан астам адам, соның ішінде 550 мың бала қамтылады. Сонымен қатар, президент мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, қамқоршылар мен отбасылардың жәрдемақысын 30 процентке өсіруді тапсырды.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?

"Бұл шараларды іске асыруға 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңге бөлінеді", - деді мемлекет басшысы.

Бұған қоса, Назарбаев әкімдерге әр отбасыға көмек көрсетуді, мұқтаж жандарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.

Атаулы әлеуметтік көмек: кімге және қанша беріледі?

Тақырып бойынша

Астана әкімі көп балалы аналарды өзі қабылдап жатыр - видео
Шымкент әкімдігіне жиналған көп балалы аналар әкімнің өзі келуін талап етті
Амандық Баталов: Көп балалы отбасыларға 1 миллион теңгеден беріледі
Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
Кілт сөздер:
жәрдемақы, көпбалалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек
Загрузка...

Басты тақырып