Қоғам

"Халыққа көмек": Мемлекет басшысы жаңа жоба туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев"Нұр Отан" партиясының съезі
Нұр Отан партиясының съезі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігі бағаланып отырады

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау орталықтарын құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының съезінде - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ақылға қонымды болуы тиіс" Назарбаев білім министрлігінің олқылықтары туралы айтты
"Нұр Отанға" президент әкімшілігімен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау орталықтарын құруды тапсырамын. Ол жайында маған баяндап отыру қажет. Соның негізінде тиісті тұжырымдар жасаймыз", - деді президент "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Назарбаев экономикалық даму халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы тиіс екенін тағы бір мәрте атап өтті.

Сонымен қатар, ол "Нұр Отан" партиясы мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті мемлекеттік қолдау принциптерін жақсартуды тапсырды.

"Сыбайлас жемқорлықты жою бағытындағы жұмысты жалғастыру керек. Жастар ерекше назарда болуы тиіс. Барлық бағдарлама бар, қаражат бөлініп жатыр. Соның барлығы орындалса, халықтың жағдайы түзеледі", - деді Назарбаев.

Бұған қоса, мемлекет басшысы "Халыққа көмек" жобасына да тоқталды.

"Президент аппаратында арнайы мониторинг комитетін құрдық. Қазір "Халыққа көмек" жобасын бастап жатырмыз, мемлекеттік органдардың назарын қоғамның өзекті мәселелеріне аударып, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Мұны партия мүшелері жасауы керек", - деді ол.

Бұл үшін, президент халықпен қуатты кері байланыс жүйесін құрып, партияның қоғамдық қабылдауларын күшейту қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтар
0