14:04 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Астана

Министр 2%-пен берілетін баспананы кімдер алатынын түсіндірді

© Sputnik / Ольга Головко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
486310

Екі жылда 22 мың 500 жеңілдетілген займ беру жоспарланып отыр

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Жалдамалы пәтер көпбалалы отбасыларға мамыр айынан бастап беріле бастайды. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министір Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 340 мың көпбалалы отбасы бар, оның 28 мыңы тұрғын үй кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік 7 жылдың ішінде, жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтердің құрылысын жүргізбек.

"2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады. Бүгінгі күні кезекте тұрған тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың мәселесі толық шешіледі. Биыл мамыр айында біз көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер беруді бастаймыз", - деді Скляр үкімет отырысында.

Ол ең төменгі жалақыдан (42 500 теңге) кірісі төмен тұрмысы нашар отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға жылдық ставкасы 2 процентті құрайтын жеңілдетілген несие берілетінін атап өтті.

Аталған несие түрі келесі санаттарға беріледі:

  • 4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға;
  • мүгедек баласы бар немесе тәрбиелейтін отбасылар;
  • кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар.

"Екі жылда біз оларға 22 мың 500 жеңілдетілген займ беруді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін үш жыл ішінде республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінеді", - деді министр.


Тақырып бойынша

Қазақстанның солтүстігіне көшкен отбасылар баспанамен қамтылады
Жаңа министр полицейлерді баспанамен қалай қамтамасыз етеді?
"7-20-25": қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді
Астана әкімі көп балалы аналарды баспанамен қамту мәселесін шешті
Президент көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қалай қамтитынын айтты
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, баспана
Загрузка...

Басты тақырып