04:24 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Қазақстандықтар

Қазақстанда білім саласындағы 500 мың қызметкердің жалақысы өседі

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
571 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 процентке көбейтуді тапсырған еді

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифференциалды түрде 30 процентке дейін жүзеге асады. Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі деп болжанып отыр", - деді Шәмшидинова үкімет отырысында.

Айтуынша, жалақысы өсетін қызметкерлер қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері, олардың көмекшілері, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар, балабақша мен колледж псиxологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапxанашылар, вожатыйлар, буxгалтерлер, іс жүргізушілер, еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер сияқты басқа да теxникалық қызметкерлер бар.

"Қазіргі кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қызметкерлердің санаттары мен жалақы мөлшерін нақты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді министр.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 процентке көбейтуді тапсырған еді.

Тақырып бойынша

Назарбаев жаңа білім министрін тағайындады
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова туралы не білеміз?
"Жұмысты бастайық" Жаңа білім министрі журналистерден біраз уақыт сұрады
"Ақылға қонымды болуы тиіс" Назарбаев білім министрлігінің олқылықтары туралы айтты
Кілт сөздер:
Білім және ғылым министрлігі, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып