14:33 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Полицейлер, архивтегі фото

Полицейлер жаңа форма кимейтін болды: министр себебін түсіндірді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1677 0 0

Тұрғымбаев алдымен полицейлерді аттестацияны өткізіп, қысқарту есебінен жалақыны көтеруді жоспарлап отыр

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сақшыларға жаңа форма кигізу неге кейінге қалдырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қызметтік киімді жаңартпас бұрын аттестацияны өткізіп алу керек.

"Форманы кейінге қалдырдық. Біздің бірінші міндет – аттестацияны өткізу. Содан кейін – қысқарту есебінен жалақыны көтеру. Тек осыдан кейін ғана форма мәселесіне ораламыз. Киімнен бұрын, қызметкерлердің құрамы маңызды", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол полицейлердің аттестациясы екі айдан кейін өткізілетінін атап өтті.

Айта кетсек, қазақстандық полицияға жаңа форма кигізу бастамасын экс-министр Қалмұханбет Қасымов көтерген еді. Соңғы рет тәртіп сақшыларының қызметтік киімі 2005 жылы өзгерген.

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып осы жылдың ақпанында тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Тақырып бойынша

Porsche көлігімен Ақорда қақпасын бұзған полицейлер жұмыстан шығарылды
Сақалды полицейлер жұмыстан шығарылады
Министр формаға қатысты: Полицейлердің шағымданып жүргеніне төрт жыл болды
POLITSIIA: Назарбаев полицейлердің жаңа формасымен танысты
Кілт сөздер:
жалақы, Ерлан Тұрғымбаев, полиция
Загрузка...

Басты тақырып