Қоғам

ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді

© Sputnik / Владислав ВодневМоника Камукенж Камганза қызымен бірге
Моника Камукенж Камганза қызымен бірге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі ЭКСПО-кезінде Қазақстанға келіп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған африкалық бишінің хал-жағдайы туралы білді

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik, Жания Уранкаева. Конго азаматшасы Моника Камукендж Камганза ЭКСПО-2017 кезінде Қазақстанға келіп, қазақтан сәби сүйіп, осында қалу үшін барын салып жатыр. Наурыз айының басында африкалық әйелге босқын мәртебесін бере ме, әлде отанына қайтарып жібере ме – белгілі болады.

© Sputnik / Владислав ВодневМониканың қызы - Блессинг-Маша
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Мониканың қызы - Блессинг-Маша

Былтыр қазан айында Sputnik Қазақстан тілшілері шетелге келіп, қиын жағдайға тап болған Моникадан сұхбат алған еді. Қазір әйел қызы Блессинг-Машамен бірге Ана үйінде тұрады. Sputnik Қазақстан африкалық әйелге тағы да барып, сәбиімен бірге қалай тұрып жатқанын көріп қайтты.

ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің тағдыры

Жаңа өмір

Елордалық Ана үйінде Моника мен қызынан басқа 16 ана мен бала тұрады. Екі қабатты зәулім үйдің тұрғындарының бәрі тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар. Бірақ әрқайсысы бұл үйді алты ай ғана паналай алады.

© Sputnik / Владислав ВодневМоника қызымен бірге Ана үйінде тұрады
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Моника қызымен бірге Ана үйінде тұрады

Мекеменің өз тәртібі бар екен. Таңғы тоғызда ұйқыдан тұрып, таңғы ас ішеді, кейін аналар балаларымен серуенге шығады, содан соң түскі ас ішіп, балаларды ұйықтатады. Әрі қарай ақыл-ойды дамытатын ойындар ойнатып, сағат 11-ге дейін кешкі ас ішіп, ұйқыға жатады. Үй тұрғындары кезектесіп ас әзірлейді, үй жинайды. Сонымен бірге, аналар мен балаларды күн сайын медбикелер мен психологтар бақылап отырады екен.

© Sputnik / Владислав ВодневАфрикалық әйел қайғы-мұңға берілуді қойып, болашақтан зор үміт күтеді
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Африкалық әйел қайғы-мұңға берілуді қойып, болашақтан зор үміт күтеді

Мамандар мен халықтың қолдауы біздің кейіпкерімізге жақсы көмектескен. Бірінші сұхбаттан бері төрт ай өтті. Моника қатты өзгеріп кетіпті: ұзын, өрілген шашын қиып, артық салмақтан арылған. Ең бастысы, ол бұрынғыдай қайғы-мұңға беріліп, көз жасын көлдетпейді.

Министр қазақтан бала сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде берді

"Бұрын үнемі күйзеліп жүретінмін, бәрін ойлап уайымдайтынмын. Қазір жанашыр адамдардың қамқорлығын сезініп, жаман ойдан бойымды аулақ ұстаймын, Қазақстанда қалуыма рұқсат береді деп сенемін", - дейді Моника.

© Sputnik / Владислав ВодневМоника қазір қазақша және орысша жақсы түсінеді
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Моника қазір қазақша және орысша жақсы түсінеді

Осы азғантай уақыт ішінде африкалық әйел тілдерді де меңгеріп қалыпты. Қазір қазақша, орысша жақсы түсінеді, білгенінше жауап береді.

Кішкентай Блессингтің алғашқы сөзі "Да" болуы да таңғаларлық жайт емес. Бөбек "Не болды, Маша?" деп сұраса, кәдімгідей ым-ишара танытып, жауап бергендей болады.

© Sputnik / Владислав ВодневКішкентай Блессинг-Маша
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Кішкентай Блессинг-Маша

Конголық әйел қазақстандық келіншекке айналды

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат жоқ болса да, Моника қол қусырып отырған жоқ. Қазақстандықтар арасында кең таралған тағам түрлерін әзірлеуді үйреніпті. Әсіресе әртүрлі көже мен палауды дәмді пісіреді.

Қазір Моника мен Блессингке құжаттарды ресімдеу үшін көмек көрсетіліп жатыр. "Қорғау Астана" қоры мен адам құқығы бюросының заңгерлерінің арқасында Блессинг-Маша туу туралы куәлік алыпты. 16 жасында Қазақстан азаматының төлқұжатын жасата алады.

© Sputnik / Владислав ВодневМоника босқын мәртебесін ала алмай отыр
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Моника босқын мәртебесін ала алмай отыр

Бірақ Мониканың құжаттарын жасау қиынға соғып тұр. Ішкі істер министрлігі босқын мәртебесін беруден бас тартқан, қазір бұл шешімге түсірілген шағым қаралып жатыр. 8 наурыздан кейін конголық әйелдің тағдыры шешіледі. Тағы бас тартылса, Жоғары сотқа арыз бере алады.

Жас ананың аңсаған арманы

Африкалық әйел құжаттарын ресімдеп, жұмысқа шығуды армандайды. Бірақ енді мерекелік шараларда би билеп, нәпақа табуды ойлап жүрген жоқ. Моника болашақта аспаз немесе бала күтуші болғысы келеді.

© Sputnik / Владислав ВодневМейірімді жандар Моника мен қызын барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп отыр
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Мейірімді жандар Моника мен қызын барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп отыр

Қазір Моника мен қызы ең қажетті заттарға мұқтаж. Әйелдің табыс табуға заңды құқығы жоқ болған соң, қайырымды қазақстандықтар киім-кешек, баланың күтіміне қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етіп отыр.

Моника Конгодағы туыстарымен арақатынасын үзген. Бірақ тілшілердің арқасында туыстары бәрін естіп біліпті. Ал сәбиінің әкесі бұл оқиғаның БАҚ-та кең таралғанына қарамастан Моникамен хабарласпаған.

© Sputnik / Владислав ВодневМоника мен қызы Блессинг
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Моника мен қызы Блессинг

Африкалық әйел Қазақстанға қалай тап болды

27 жастағы конголық қыз Астанаға ЭКСПО-2017 кезінде жұмыс істеуге келген, алайда Қазақстанда жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттарды жасатуды қиындыққа тап болады. Сөйтіп жүргенде, әйел қазақтан сәби сүйіп, нәрестесі екеуінің барар жер, басар тауы қалмай, шарасыз күйге түскен.

© Sputnik / Владислав ВодневКішкентай Блессинг-Маша
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді - Sputnik Қазақстан
Кішкентай Блессинг-Маша

Жанашыр адамдар Мониканың босануының ақысын төлеп, африкалық әйел Блессинг есімді қызымен "Қорғау Астана" қорының қамқорлығында болады. 2019 жылдың басынан бері ана мен бала елордалық Ана үйінде тұрып жатыр.

Жаңалықтар
0