13:54 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Баян Алагөзова

"Қандай адам екенін жақсы білем" Белгілі продюсер Баянмен арақатынасы неге суығанын айтты

© Sputnik / Данияр Дауталиев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
222620

Баян Алагөзованың ескі құрбысы, белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова екеуінің достығы мен арадағы кикілжің туралы ашық әңгімеледі

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. "Жұлдызды жекпе-жек", "Компромат" ойын-сауық бағдарламасының бас продюсері, журналист Гүлнұр Мамасарипова бұрынғы құрбысы Баян Алагөзовамен арадағы қарым-қатынастың неге суып кеткенін "Если честно" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Баян Есентаева
© Photo : Официальный аккаунт в соцсетях

Оның айтуынша, олар бұрын ажырамас, жақын достар болыпты.

"Баян екеуміздің достығымыз сонау 2000 жылдары телеарнадан басталды. Ол кезде жап-жаспыз. Жаңалықтардың бір сюжетін шығару үшін дүниені төңкеріп жүрген кезіміз. Сол кезде екеуміздің арамызда достық пайда болды. Кіші қызым Ғайникамалға аяғым ауыр кезі, Баянның Айаруға аяғы ауыр кезі, олардың дүниеге келуі, балаларымыздың мектепке баруы, бірінші көлік сатып алуымыз барлығы есімде. Құдай-ау, дүниеге көзқарасымыз бірге қалыптасты. Екеуміз дос болдық. Әртүрлі телеарнада жұмыс істеп жүрсек те, бір-бірімізді іздейтінбіз, сағынатынбыз. Біреуіміздің көңіліміз түсіп жатса, біреуіміз барып, көтеруге тырыстық. Баян екеуміздің арамызда керемет достық болды. Ол – достық қадірін білетін адам", - деді танымал продюсер.

Сонымен қатар Гүлнұр Мамасарипова Баянмен бірге 8 жылдай жұмыс істегенін атап өтті.

"Мен кезекті қызметімнен кеткен кезде Баянмен кездестім. Оған енді телеарнада жұмыс істемейтін шығармын дедім. Қателеспесем, бұл 2006-2007 жыл болатын. Баян маған: "Дұрыс айтасың! Қазір Kesh you тобын құрдым. Продюсерлікке кетіп жатырмын. Гульнурка, может хватить. Бір жалақыға қалай байланып отырасың?'' деді.  Кейін Баян Shine magazine деген журнал ашты. Сол журналға мені жұмысқа шақырды. Мен "Қой құрысын, мен ресми жаңалықтар мен сараптамалық материалдар жасап жүрмін. Гламуры несі?" дедім. Баян "Қойшы, Гүлнұр! Ештеңе етпейді. Зато у тебя есть мозги. Давай, давай" деп қоймай қойды. Кейін мен жұмыс істеуге келістім", - деді танымал продюсер.

Оның айтуынша, біраз уақытттан соң аталған журнал жабылыпты. Кейін ол жалақысы төмен жұмысқа орналасқан. Сонда да Баян Алагөзовамен байланысын үзбеген.

"Журналымыз еліміздегі бірінші экономикалық дағдарыс кезінде жабылды. Мен тағы жұмыссыз қалдым. Тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан Energy FM радиосында күніне 5 рет жаңалық оқып жүрдім. Айлығым – 30 мың теңге. Қазақстан телеарнасындағы ең бірінші аутсорсингтік "Екі жұлдыз" бағдарламасынан ұсыныс келді. Онда Динара Адам мен Гауһар Иманқұлова аталған бағдарламаны түсіретін болды. Мен бірінші маусымда бас редактор болдым. Ал Баян сол бағдарламаның жүргізушісі. Сол жерде жұмыс істедік, бағдарламаның қалай түсірілетінін көрдік", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Осыдаң соң Баян екеуі ақылдасып, жеке жұмыс істеуге шешім қабылдайды. Алайда кейін екеуінің арасындағы кикілжің туындап арадағы қарым-қатынас суып кетеді.

"Мені ешкім жұмыстан қуған жоқ. "Кет" деп ішкім айтқан жоқ. Шешімді өзім қабылдадым. Орнымнан тұрдым да шығып кеттім. Біз осы тақырыпты Баян екеуміз отырып, талқылаған емеспіз. Жанжалдың "көкесі" болған ғой негізі.  Оған сыртқы күштер қатты әсер етті. Баян екеуміз 8 жыл бірге жұмыс істедік. Екеуміз ешқашан ұрсысқан емеспіз. Бір-бірімізге барлығын ашық айтайық деп бел буған кезімде сыртқы күштер көп әсер кетті. Мен Баянға сөйлесуге екі рет ұсыныс жасадым. Екеуінен де ол бас тартты", - деді ол.

Осы орайда Гүлнұр Мамасарипова Баян Алагөзовамен қарым-қатынасының неге ушығып кеткені айтты. Арадағы жанжалдан соң, ол тіпті күйзеліске түскен.

"Мен өзімді ешқашан Баянның қол астында жұмыс істейтін адам ретінде сезінген емеспін. Бірақ "Баяннан мен компанияда кіммін?" деп сұрамаппын. Бірнеше күннен соң, Баянға жақсы нәрсе істемегенімді түсіндім. Баянның компаниясында жұмыс істемеймін деп кеткен кезде ол маған SMS жіберіпті. Бірақ SMS-ті алған жоқпын. Екеуміздің кездесіп әңгімелесуімізге кедергі көп болды. Жасырмаймын, кәдімгідей күйзеліске түстім. Бірақ осы оқиғаға ешкімді кінәламаймын. Екеуміздің арамыздағы мәселеге көп адам килікпегенде достығымызды сақтап қалатын едік. Арадағы достықтың жоқ болып қалғаны өкінішті", - деді продюсер.

Сонымен қатар ол Баянның жеке өмірінде болған оқиғаларға қатысты да пікір білдірді.

"Баянның соңғы жылдардағы тағдырына қатысты ойымды білдірсем. Қоғамда оған қатысты неше түрлі пікірлер айтылып жатыр. Мен бір-ақ нәрсені айта аламын. Баян – жақсы адам. Жалпы адамдарды жаман-жақсы деп бөлетін болсақ. Ол ешқашан жаман адам бола алмайды. Ол да етпен сүйектен жаралған.  Егер Баян сондай қадамға барған болса, демек оған себеп болды. Демек Баянның да шыдамы шарықтау шегіне жеткен. Ол қуыршақ, робот емес. Оның да жүрегі, жаны бар адам. Сондықтан оған қатысты неше түрлі нәрсе айтып жатқан кезде, шынымды айтсам, жаным ауырады. Мен Баянның қандай адам екенін жақсы білемін. Ол өте әділ, шыншыл болғанның соң бүкіл құпиясы ашылып қалды", - деп түйіндеді сөзін Гүлнұр Мамасарипова.

Кілт сөздер:
сұхбат, құрбы, Баян Алагөзова
Загрузка...

Басты тақырып