04:03 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
емхана

Алматыда жекеменшік емханалар халыққа тегін қызмет көрсетеді – Денсаулық басқармасы

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
11510

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы емханалардағы ұзын-сонар кезек мәселесі қалай шешілетінін айтып берді

АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Биыл Алматыда 104 жекеменшік клиника мемлекеттік тапсырыспен халыққа тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы баспасөз мәлихатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке клиникалар саны соңғы екі жылда 2 есеге артты. Мысалы, 2017 жылы мемлекеттік тапсырысты орындаған жекеменшік клиниканың саны бар болғаны 53 болатын, бүгінгі таңда ол 104-ке жетіп, екі есеге артып отыр.

Атап айтқанда, Алматыда стационарлық көмек көрсететін жеке клиникалар саны 2018 жылмен салыстырғанда 11-ге, стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсететін клиникалар саны 7-ге, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін жеке субъектілер саны 4-ке көбейген", - деді Әбілдаев.

Сондай-ақ алматылықтар тіркеліп, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіндегі қызмет түрлерін пайдалана алатын емханалардың да тең жартысы – жекеменшік. Бүгінгі таңда осы мақсатта медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша 77 емханамен келісімшарт бекіткен. 

"Бұл емханалардағы ұзын-сонар кезекті азайтып, учакелік дәрігерлер жүктемесін төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұл мәселені шешуге қосымша ашылатын учаскелер де септігін тигізеді.

Жалпы, практика бойынша дәрігерлердің жүктемесін азайту мақсатында 2019 жылы 88 жаңа учаске ашу көзделіп отыр", - деді баспасөз мәслихатында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсел Бисенбаева.

Демек, алматылықтарға тіркеуде тұрған емхана қызметінің сапасы ұнамаса, онда өзі тұратын аумақтағы жекеменшік клиникаға ауысып алуына болады. Әрине, ол жекеменшік клиника мемлекеттік тапсырыспен халыққа тегін қызмет көрсететін емханалар тізіміне енсе. Алайда ақылы емхананың тегін қызмет көрсетуге құлқы болмай, үйге шақырғанда келмей, науқасты қабылдамас үшін түрлі сылтау айтуы мүмкін ғой деген журналистерде сауал туындады.

Бұған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев былай жауап қатты:

"Қазір медициналық қызмет цифрлық технологияға көшкен. Сондықтан кез келген емханаға келіп түскен қоңырау бірден тіркеуге алынады. Егер территориялық жағдайға байланысты емхананың науқасты қабылдауға мүмкіндігі болса, бірақ соған қарамастан оны қабылдаудан бас тартса, онда біз сол емханаға барып, оның себеп-салдарын тексеретін боламыз.

Егер емхананың әрекеті заңсыз боп жатса, онда оларға айыппұл сала аламыз. Одан да басқа қатал шаралар қабылдау үшін қалалық денсаулық сақтау басқармасына ол емхананың атынан шағым түсіреміз. Ал жекеменшік клиникаларға келетін болсақ, онда олар көрсетпеген тегін қызметтің ақысын ұстап қалудан басқа шара қолдана алмаймыз".

Айта кетсек, медициналық сақтандыру қоры екі жылдан бері кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің қаржылық операторы қызметін атқарып келеді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмекті жеткізуші мекемелерді республикалық және 17 өңірлік комиссия іріктейді. Биыл Алматы қаласындағы медициналық ұйымдармен 105,2 млрд теңгеге келісімшарт бекітілген.

Тақырып бойынша

Денсаулық сақтау министрлігі ақтөбелік науқастарға қатысты жайтты бақылауға алды
Алматы түбіндегі әуе апатында екі медицина профессоры қаза тапты
Денсаулық министрлігі қауіпті дәріні дәріханаларға қайтаруды сұрайды
Денсаулық сақтау министрі арықтаудың тиімді жолын айтты
Павлодарда медицина қызметкерлері төбелесті: бірі жұмыстан қуылмақ
Кілт сөздер:
Алматы, емхана
Загрузка...

Басты тақырып