04:12 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Архивтегі сурет

Жұртты 94 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ Қазақстанға жеткізілді

© Sputnik / Евгений Одиноков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
837 0 0

Ол шетелден автокөлік алып келемін деп 8 адамнан ақша алып, қашып кеткен 

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Грузия алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Саят Ислямовты елге қайтарды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу болжамына сәйкес, қазақстандық азамат 8 адамды жалпы сомасы 94 миллион теңгеге алдап (250 мың доллар), қашып кеткен. Ол зардап шегушілерге шетелден автокөлік алып келемін деп уәде берген.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Саят Ислямов Астана, Алматы және Қарағанды қаласында бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде бірнеше алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікке ілінген.

Кейін құзырлы органдар оған халықаралық іздеу жариялаған. Алматы прокуратурасы күдіктінің ұсталғанын растап отыр.

"Қазіргі таңда Саят Ислямов Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Тақырып бойынша

Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты
Шымкентте алты адамды тақырға отырғызған алаяқ Астанада ұсталды
Қыздарды кешкі асқа шақырып, "лақтырып" кетіп жүрген алаяқ сотталды
Астанада алаяқ 100 адамды ерекше әдіспен алдап кеткен
22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ұсталды
Кілт сөздер:
автокөлік, экстрадицияланды, алаяқ
Загрузка...

Басты тақырып