23:25 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
ҰБТ

Биыл ҰБТ форматы өзгере ме? Білім министрі жауап берді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
ҰБТ - 2019 (32)
1785 0 0

Оқушылардың 11 жыл бойы алған білімін бағалау үшін сұрақтардың мазмұнын жетілдіру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз, деді министр

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің форматын өзгертпейді. Бұл туралы ведомство басшысы Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз бүгін бірдеңе өзгертеміз деп айтпаймыз. Балаларымыз мектеп бітіреді, емтиханын тапсырады. Оларды одан әрі күйзеліске түсірудің қажеті жоқ. Бірақ оқушылардың 11 жыл бойы алған білімін бағалау үшін сұрақтардың мазмұнын жетілдіру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз", - деді Шәмшидинова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, министр оқушылардың білімін бағалау жүйесіне де тоқталды.

Оның пікірінше, бағалау жүйесі балаларға, ата-аналар мен ұстаздарға да түсінікті болуы шарт.

"Әр оқушының алған бағасын жақсартуға мүмкіндігі болуы тиіс. Бағалау жүйесі дәл осыған бағытталған, яғни жүктемені, ең бастысы, оқушыға деген психологиялық қысымды жою. Иә, бәлкім, қазір бізде бұл бағытта олқылықтар бар шығар. Қателік те жіберіп жатқан шығармыз. Бірақ, біздің міндет – бағалау жүйесін ашық, түсінікті әрі қолжетімді ету", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Жаңа білім министрі үштілділікке қатысты ойын айтты

Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)

Тақырып бойынша

ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін
2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?
Алғашқы ақылы ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды
Кілт сөздер:
ҰБТ, Білім және ғылым министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып