21:50 20 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Ұйқы

Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6785 0 0

Ғалымдар ұйқының ДНҚ жасушаларын қалпына келтіретінін дәлелдеді

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Израильдің Бар-Илан атындағы университетінің ғалымдары анықтағандай, ұйқы жасушалардағы ДНҚ-ны қалпына келтіріп, ағзаны қартаю мен қатерлі ісіктен сақтайды. Бұл туралы MedicalXpress журналында жазылған.

Зерттеу барысында биологтар тірі балықтардың нейрондарын 3D суретке түсіріп, тәуліктік циклдер кезінде хромосомаларда қандай процестер жүретінін мұқият бақылаған. Белгілі болғандай, ағза ояу кезінде ДНҚ-ның зақымдануы байқалып, бұзылу деңгейі қауіпті шекке жетеді екен.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, ұйқы жасуша ядросының қызметіне оң әсерін тигізіп, хромосомалардың динамикасын арттырады, әр нейрондағы генетикалық материалдың қалпына келу жүйесін іске қосады. Жыртқыштардан қауіп төнетініне қарамастан, ұйқының арқасында жануарлар эволюция барысында дұрыс дамып, популяциясын сақтап қалды.

Ғалымдар қатерлі ісіктің ең қауіпті түріне қарсы ем ойлап тапты

ДНҚ-ның зақымдануы қартаю мен өлімге әкеп соғатын негізгі процестердің бірі болып саналады. Алайда кей жағдайда зақымданған жасушалар өлмей, сау жасушаларды дертке шалдықдырып, қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Қатерлі ісіктің негізгі 7 белгісі

 

Тақырып бойынша

Ғалымдар қандай шайдың адам өмірін ұзартатынын анықтады
Қазақстандық ғалымдар өте маңызды жаңалық ашты
Ғалымдар кез келген жаста ойлау қабілетін жетілдірудің әдісін тапты
Ғалымдар күріштің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ғалымдар қатерлі ісіктің асқынып кетуіне жол бермеудің әдісін тапты
Кілт сөздер:
қатерлі ісік, ұйқы, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып