Қоғам

Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео

© Photo : КНБ КазахстанаТоқтар Төлешов
Тоқтар Төлешов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыра зауытының бұрынғы басшысы он адамдық камерада тұрып жатыр

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. 21 жылға сотталған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешов жазасын Шымкенттегі түзету мекемесінде өтеп жатыр.

"Сыра королінің" қалай тұрып жатқанын жергілікті Otyrar.kz басылымы хабарлады.

10 адамнан жайғасатын камерада Тоқтар Төлешовке екі жарым шаршы метрі ғана бекітілген. Таңғы сағат 6:00-да оянып, түнгі 22:00-де ұйқыға жататын қылмыскер қазір түрмедегі ауыр жұмысқа араласпайды, тазалықпен ғана айналысады екен.

Қазақстанда сотталған дөкейлер жазасын қайда өтеп жүр?

Түрмеде есік-терезе немесе еден жуады, себебі аса қауіпті қылмыскер ретінде қатаң қадағалауға алынған. Әрі түскі асты өзгелермен бір үстелде отырып, тамақтануға рұқсат беріліпті.

© OtyrarTVТоқтар Төлешовтің түрмедегі бөлмесі
Терезе сүртіп, еден жуады: сыра королінің түрмедегі өмірі қандай - видео - Sputnik Қазақстан
Тоқтар Төлешовтің түрмедегі бөлмесі

Еске сала өтсек, 2016 жылы Тоқтар Төлешов соттың үкімімен 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Оған мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылған еді. Сондай-ақ, салықтан жалтарғаны, экономикалық қылмыстарға барғаны үшін айыпты деп танылды.

Төлешовтің тәркіленген таза қанды сәйгүліктерінің тағдыры не болды?

Сот үкіміне сәйкес, Тоқтар Төлешов мемлекетке 1,5 миллиард теңгеге жуық өтемақы төлеуге міндеттеліп, мал-мүлкі тәркіленіп, коммерциялық мекемелерде басшылық етуден шеттетілген еді.

Жаңалықтар
0