Қоғам

8 наурыз мерекесін тойламайтын 8 ел

© РИА Новости / Медиабанкке өтуГүл
Гүл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемде дәл бүгін Халықаралық әйелдер күнін тойламайтын елдер де бар екен

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Бүгін ақ жаулықты апалар, аяулы аналар мен ару қыздар өздерінің төл мерекесін атап өтіп жатыр. Көктемнің шуақты мейрамының тарихы сонау XX ғасырдан бастау алатыны бәрімізге аян. Содан бері әлемнің бірқатар елі бұл күні таңмен таласа тұрып, нәзік жандарды мейірім мен махаббатқа бөлеп, қуаныш сыйлауға асығады. Алайда 8 наурызды мейрам ретінде елеп-ескермейтін, ояна салысымен күнделікті күйбең тірлігіне кірісіп кететін мемлекеттер де жоқ емес.

8 наурыз мейрамы туралы ер адамдар не ойлайды? - Sputnik Қазақстан
Видео
8 наурыз мейрамы туралы ер адамдар не ойлайды - видео
Мәселен, Германияны алайық. Батыс пен Шығыс Германия біріккеннен кейін, шығыс немістері бұл мейрам жайлы ұмытып та кеткен, ал батыстықтар нәзік жандардың мерекесі барын да білмепті. Сондықтан бүгінде немістер француздар сияқты әйелдерді Ана күнінде құттықтап, құрмет көрсетеді. Ана күні бұл елде мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Ал Польша мен Болгарияның еркек кіндіктілері 8 наурызда нәзік жандарды құттықтау керек екенін білсе де, біз сияқты гүл алып, көңілді отырыс ұйымдастырып жатпайды. 8 наурыз қос елде де кәдімгі жұмыс күні, ал кейбірі үшін, тіпті ескіліктің сарқыншағы. Болгарияда кейбір әйелдер саналы түрде көктем мейрамын тойлаудан бас тартады екен.

Италияда 8 наурыз ешқашан ресми мереке саналмаған, бұл күні ел халқы әдеттегідей таңертең жұмысқа барады. Бірақ кейбір нәзік жандар құрбыларымен жиналып, өз-өздерін құттықтағанды жақсы көреді. Тіпті көңіл көтеру мекемелерінің дені бұл күні әйелдерге тегін кіруге рұқсат береді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев жөтеліп отырған екі әйелге өз қолымен дәрі апарып берді – видео 

Қытайда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні екені сезілмей де қалады. Көшелерден құшақ-құшақ гүл көтерген ер адамдарды кездестіруіңіз екіталай. Тек сүйіктісі үшін гүл іздеп жүрген шетелдікті ғана көзіңіз шалуы мүмкін.

Өкінішке қарай, 8 наурыз ағылшын әйелдері үшін де күнтізбедегі бір күн. Мейрам ресми түрде тойланбайды, ешкім ешкімге гүл сыйламайды, ал ағылшындардың өзі әйел атаулыға тек әйел болғаны үшін құрмет көрсетудің мәнін мүлде түсінбейді. Есесіне, бұл елде нәзік жандарды Пасхаға үш апта қалғанда аталып өтетін Ана күнінде құттықтайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық ауыр атлет қыздар 8 наурыз туралы: Біз үшін ондай мереке жоқ

Үндістанда бүгін аты да заты да бөлек мереке аталып өтеді. Нақтырақ айтсақ, Холи немесе Бояулар мерекесі. Мейрам кезінде мерекелік от жағылып, халық ән айтып, би билейді, бір-біріне түрлі-түсті бояу ұнтақтарын шашады, боялған су құяды. Адамға қаншалықты көп бояу шашылса, оның атына соншалықты жақсы тілек айтылған деп саналады. Кешке жақын бір-бірінің үйіне қонаққа барады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев: осынша жұмыс тұрғанда, өз тәнін ақшаға сату – ұят

Ал әйелдер күні Үндістанда қазан айында аталып өтеді, оған қоса мейрам бір күн емес, 10 күнге созылады.

Сонымен қатар, бүгін халықаралық әйелдер күнін тойламайтын елдердің қатарында Замбия бар. Бұл елде 8 наурыз – Жастар күні аталып өтеді.

Жаңалықтар
0