06:38 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Гүлжан Қарағұсова

"Қуудың керегі не?" Қарағұсованың мәлімдемесі тағы да елді елең еткізді 

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1237602

Зейнетақыны отбасының ортақ табысына жатқызу бастамасы депутаттарды абдыратып қойды

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnік. Зейнетақыны отбасылық кіріске санау Мәжіліс депутаттарын дүрліктірді. Заң бойынша жағдайы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру үшін олардың бүкіл кірісі есептеледі. Оның ішінде зейнетақы да бар.  

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдем мен студенттердің шәкіртақысы ғана отбасының ортақ табысына жатпайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың осыны айтуы сол екен, жасы егде тартып қалған депутаттар абдырап қалды. Әлеуметтік жәрдемақыға ілігу үшін бізді үйден қуып шығуы мүмкін деген ой сарт ете қалыпты.

Тым болмаса, қартайғанда бұйырған қаражатымызды өзімізге жұмсайық деген олар мемлекеттен бөлек үй салып беруді сұрап отыр, деп хабарлады КТК. 

"Қуып шығудың керегі не? Біз қартайғанда баратын үй салу керек. Ол қарттар үйі емес. Біздің жеке кооперативіміз болуы тиіс. Оны балаларға кедергі болмау үшін саламыз, сөйтіп өз табысымызға күн көреміз", - дейді мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова.

 

Тақырып бойынша

"Жүгіремін" Депутаттар мен министрлер Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты
Сенат депутаты: Әділетсіздікті көрсек, әрқашан араласамыз
Жаңа сайланған депутат: Қазақстанда бір баланы асырауға 20 мың теңге жетеді
"Кешке шешеміз" Министрдің жауабы мәжіліс депутаттарын ду күлдірді 
Мәжіліс депутаты: 27 мың теңге айлыққа қалай өмір сүруге болады?
Кілт сөздер:
Қарағұсова, зейнетақы, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып