00:19 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Жомарт Ертаев

Жомарт Ертаев Астанаға жеткізілді

© Foto : ТОО "Алма ТВ"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
735 0 0

Ертаев "BANK RBK" АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnік. ҚР бас прокуратурасы қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.  

Өткен жылдың наурызында оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

"Ж. Ертаев 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып "BANK RBK" АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ертаевпен бірге 54 тұлға күдікке ілініп отыр, олардың арасында банктің 41 топ-менеджері мен қызметкері – бұрын экстрадицияланған Б. Ибрагим, И. Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов және басқалар бар.

Банкир Жомарт Ертаев қамауға алынды

Тергеу барысында қабылданған шаралардың арқасында 15 миллиард теңге өтеліп, 48 миллиард теңгенің мүлкіне бұғау салынды.   

Қазіргі таңда арнайы прокурорлар іс бойынша тергеуді аяқтады, процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ертаев Астана қаласының тергеу абақтысына жабылды.

Тақырып бойынша

Қазақстандық бизнесмен Ертаев Ресей азаматтығын сұрады
Мәскеу соты Жомарт Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады
Мәскеу соты Жомарт Ертаевты босату туралы шағымды қарастырады
Қазақстандық банкир Ресейде саяси баспана алды
Сот Алма-ТВ басшысын қамауға алуға санкция берді
Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды
Кілт сөздер:
ұрлық, банк, Жомарт Ертаев
Загрузка...

Басты тақырыптар