13:08 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Қант

Отыз жастан кейін жеуге болмайтын 10 азық-түлік

© Sputnik / Павел Лисицын
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
972820

Диетологтар жас келген сайын адам ағзасы кей азық-түліктерді нашар сіңіретінін мәлімдеді  

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnік. Америкалық диетологтар 30 жастан кейін қандай азық-түліктерден аулақ болу керектігін айтты. 

Ең қауіпті өнімдердің қатарында қант бар. Ол коллаген және эластин талшықтарын зақымдап, теріге зиян келтіреді.

Сондай-ақ, мамандар ақ наннан бас тартуға кеңес береді, себебі онда ешқандай пайдалы зат жоқ, деп хабарлады Рамблер.

Диетологтар соустардан аулақ болуға және дәмдеуіштерді таңдау кезінде сақтық танытуға кеңес береді.

Сонымен қатар, дәрігерлер макароннан толығымен бас тартуға шақырып отыр, өйткені олардағы глютенді 30 жастан асқан адамдар нашар сіңіретін көрінеді. 

Ағзаға зиянды тағамдардың арасында чипсы мен фастфуд та бар. Өндірушілер олардың дәмін жақсарту үшін түрлі синтетикалық хош иістендіргіштер мен қоспалар қосады.   

Ең зиянды сусын ретінде диеталық газдалған сусындардың аты аталды. Мамандар олар қатерлі ісік жасушаларының дамуын жеделдетеді дейді, сондай-ақ ағзаға нашар сіңеді, тіпті күйзеліске түсіруі де мүмкін. 

Зиянды өнімдердің антирейтингісін дайын кондитерлік өнімдер түйіндеді. Басылымның мәліметінше, олар дәрумендердің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, ас қорыту жүйесінің жұмысын баяулатады.    

Тақырып бойынша

Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты
Ғалымдар қатерлі ісіктің асқынып кетуіне жол бермеудің әдісін тапты
Министр қандай елдерден әкелетін ойыншықтардың зиянды екенін айтты
Ғалымдар өмір жасын ұзартудың ең оңай әдісін анықтады
Қазақстанда зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қойылады
ДДҰ мамандары құрт пен айранның неге қауіпті екенін айтты
Кілт сөздер:
диета, зиянды тағамдар
Загрузка...

Басты тақырып