20:08 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
149 0 0

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының пікірінше, мемлекетке масыл болу қоғамның дамуын тежейді

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елімізде барлық әлеуметтік шаралар қолға алынып, халыққа тиісті қолдау көрсетіліп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Халыққа көмек" жобасы мен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін көтерді.

"Халыққа көп көмек көрсетіліп жатыр. Оны үкімет мүшелері де , біз де айтамыз. Бірақ қолға алынып жатқан шаралар масылдық пен қоғамдағы патронаттық көңілкүйді тудырмауы керек. Қалай болғанда да, мемлекет пен қоғамның ресурсы шектеулі екенін түсінген жөн. Егер азаматтар жұмыс істемей, мемлекеттік органдардың көмегіне ғана сеніп отырса, мұның соңы жақсылыққа апармайды. Бұл әлеуметтік дағдарысқа алып келеді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның пікірінше, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам экономиканың және қоғамның дамуына үлес қосып, еңбек етуі шарт.

"Ақша аспаннан түспейді. Ресурстар қоғамның көмегімен жиналады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау үшін бюджетте қаражат болуы керек. Ал бұл  қаражат салықтың арқасында жиналады. Бюджетке түсім түсуі үшін  кәсіпорындар  қызу жұмыс істеулері керек. Бұл – нақты модель", - дейді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Әшімбаевтың айтуынша, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар адамдар екі қолға бір күрек табуы тиіс. Осылайша, қоғам мен экономиканың дамуына өз үлесін қосуы керек.

Тақырып бойынша

Әшімбаев: Қырғызстанның 100 миллион доллар көмектен бас тартуға құқығы бар
Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз
Әшімбаев: Қырғызстан бас тартқан $100 миллион ел игілігіне жұмсалады
Кілт сөздер:
Нұр отан, Мәулен Әшімбаев
Загрузка...

Басты тақырып