21:40 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды

© AFP 2019 / Kirill Kudryavtsev
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
126 0 0

Алаяқ Instagram желісіндегі парақша арқылы аңқау қолданушыларды сан соқтырған

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Алматыда Іnstagram қолданушыларының сеніміне кіріп, қаржысын жымқырған 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қалалық криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақовтың айтуынша, жұмыссыз азамат Іnstagram желісінде Olimp_bets_kzzz парақшасын ашқан. Ол өз оқырмандарына букмекерлік кеңселерге ақша тігу арқылы соманы көбейтіп беруді ұсыныпты. "Салған ақшасын" 10 есе көбейтіп алғысы келген желі қолданушылары парақшаның иесі көрсеткен Qiwi әмиянға қаржы аударған екен.

Күдікті ақшаны алған соң, "клиенттерімен" байланысқа шықпанған. Оларды әлеуметтік желідегі парақшасынан бұғаттап тастаған.

"Оның 4 қылмыстық іске қатысы бары анықталды. Алаяқтық әрекеті арқылы азаматтарды шамамен 6 миллион теңгеге алдап кеткен", - дейді қалалық криминалды полиция басқармасының басшысы.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағына ("Алаяқтық жасау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы полициясы алаяқтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтардан хабарласуды сұрайды: 8 (727) 298-51-36, 8-747-818-31-99 немесе 102.

Кілт сөздер:
алаяқтық, әлеуметтік желілер
Загрузка...

Басты тақырып