Қоғам

"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуЕт
Ет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымның пікірінше, бүгінде сапасыз ет қатерлі ісіктің өршуіне себеп болып отыр

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik, Кәмшат Сатиева. Қазір кейбір малдың дәрімен семіртілетіні туралы жиі айтыла бастап, денсаулығына алаңдаған елдің дегбірі қашып жүр. Сондықтан отандық ғалымдар мен қасапшының осы жайлы пікірін Sputnik Қазақстан назарларыңызға ұсынады.

"Ондай дәрілер бар..."

Кандидаттық диссертациясын мал етін өсіретін гормонның бірін зерттеуге арнаған ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор Айбын Төреханов, өкінішке қарай, мұндай жайттың бізде кездесетінін айтады.

Лекарственные препараты и градусник для измерения температуры - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ дәрігері халық жиі тұтынатын дәрілер жайлы сұмдықты жайып салды

"Бар ғой ондай дәрілер. Түрі көп. Сұйық түрінде егетіні бар, ұнтақ түрінде жемге араластырып беретіні бар. Кей адамда сатылымда болғаннан кейін неге пайдаланбасқа деген арам ой келеді. Әрине, оны зиян деп кесіп айтуға тағы болмайды. Өйткені гормондардың әр адамға әсері әртүрлі. Сондықтан оны медицина саласындағы мамандар бағалағаны жөн", - дейді ол.

Дегенмен ғалым мұндай келеңсіз жайттың белең алуына түбегейлі қарсы екен. Оның пікірінше, бұған еліміздің ауылшаруашылығы саласының таңдаған даму жолы себеп.

Ет мүшелеп, табақ тарта аламыз ба - инфографика

"Кезінде министр Асылжан Мамытбековке мал шаруашылығын дамытудың екі бағыты ұсынылды. Осының қайсысын таңдаймыз деп. Әрине, ғалымдар табиғи жолмен мал өсірудің экспрессивті түрін ұсынған. Өйткені оған барлық жағдай жасалған бізде. Жайлау, қыстауымыз бар дегендей. Бұдан бөлек интенссивті, яғни қарқынды даму деген болды. Бұл – осы саладағы соңғы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып даму. Әрине, оның ішіне әлгі дәрілер де кіріп кетеді. Қас қылғанда осы жол таңдалды ғой", - дейді Төреханов өз өкінішін жеткізе отырып.

"Малды дәрімен семіртуге тоқтау салу керек"

Оның пікірінше, жоғарыдағы жиі ауыс-түйіс бітпейінше, бұл мәселе шешімін таппайды.

Курт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ДДҰ мамандары құрт пен айранның неге қауіпті екенін айтты

"Басқасын білмеймін, ал ауылшаруашылығы саласы мамандар тұрақтылығын қажет етеді. Мысалы, Жапонияда болдым. Осы саладағы құзырлы орындарға тағайындалған адам өз қызметінде өле-өлгенше отырады. Өйткені ғылыми потенциалы болғандықтан, бұл саладағы жоспарларды қысқа мерзімде атқару мүмкін емес. Демек, олар нәтижеге жұмыс істейді. Ал бізде жұмыстың нәтижесі жоқ. Өйткені әр басшы келе салып, бәрін өзгертеді. Сондықтан бізде бәрі аяқсыз қалады. Әрине, малды дәрімен семірту дегенге тоқтау болуы тиіс. Оны біз айтуымыз керек. Ол үшін жайылымдық жолмен мал өсіруге көбірек қаржылай қолдау қажет", - дейді ол.

Балабақшада балаларға есектің етін пісіріп берген

Ал аты-жөнін атамауды сұраған отандық ғалым көпшілікке соғымды жайлаудан алдыртуға кеңес береді.

"Ең дұрысы – ет жемеу..."

"Дүкенге, базарға барсаңыз қазір ГМӨ тағамдар қаптап тұр. Әрине, оның бәрі денсаулыққа зиян. Тіпті, мал етінің, мал өнімдерінің денсаулыққа зиян екенін жапон ғалымдары дәлелдеп жатыр. Ол обыр дертін дендетеді. Қазіргі қатерлі ісіктің өршуіне біздегі осы сапасыз тамақ себеп", - дейді ол.

"Осы күнге дейін еш жері ауырмай-ақ ата-бабамыз мал етін жеп келді. Енді не болып қалды, оны неге зиян деп жатыр" деген заңды сауал туары сөзсіз.

қызыл ет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар қызыл еттің неге қауіпті екенін айтты

Оған ғалым былай жауап береді:

"Ол бұрын. Ол кезде қазақ даласында зауыт, фабрика деген болмаған. Қазіргідей қаптап жүрген автокөлік те жоқ-тұғын. Әскери горнизондар да жоқ, қоршаған ортаны былғап жатқан бүгінгідей. Мысалы, Семей полигонын алайық. Оның жер қыртысындағы улы қалдықтарының күші 200 жылдан кейін ғана жойылады. Бұл ғалымдар тұжырымы. Демек, ол арада мал түгілі адамның тұруына болмайды. Бірақ тұрып жатыр халық, мал-жанын өсіріп жатыр. Ал ол арада өскен малдың еті зиян емес деп кім айта алады? Байқоңырдың маңы да сол...".

Ғалымдар веган болудың балаларға қауіпті екенін айтты

Ауылшаруашылығы ғылымының докторы соңғы кездері өзінің мал етінен бас тартып, вегетериандыққа бет бұрғанын да айтты.

"Өмір бақи ет жеп келе жатқан халыққа "ет жеме" деп қалай айтасыз. Оған аузың да бармайды. Бірақ ол зиян ғой. Өз басым соңғы кездері көк-сөкке көштім. Халықаралық тәжірибе де вегетериандықтардың көп жасайтынын дәлелдеп берген. Ал еттен бас тарта алмайтындарға соғымды жайлаудан алдыртуға кеңес беремін. Зауыт, фабрика секілді зиянды өндіріс ошақтары жоқ жерден", - дейді ол.

Дәріленген ет пен таза еттің айырмасы қандай?

Ұзақ жылдар мал сойып жүрген ақсуаттық Әділ Құрманғазин дәріленген ет пен таза етті тез айыратынын айтады.

ет асу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ет асып, табақ тартудың жөн-жосығы: қандай қателік жіберуге болмайды?

"Түрінен көрініп тұрады. Күнде ет ұстап көрмеген адам оны байқамай қалуы мүмкін. Бірақ біз білеміз ғой. Етінен бастап майының түріне дейін өзгеше болады. Арам өлген қойдың етіне ұқсайды, бейнелеп айтсақ. Кішкене қарайыңқырап.

Ет жемейтін қазақ отбасының әңгімесі: малдың қиналғанын сеземіз

Пісіргенде де білінеді, көбіне сорпа көбіктеніп кетеді. Бір рет досымның сойған соғымы солай болып шыққан екен. Оны енді далаға тастамайды ғой. Содан 3-4 рет қайнатып, сорпасын төгіп тастап отыр деп ақыл айттым. Дәмі де таза еттікіндей болмайды ғой", - дейді ол.

Жаңалықтар
0