12:43 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев: мен қолдан келгеннің бәрін жасадым

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
1007 0 0

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз әлемнің бір орында тұрмай, үнемі өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Жаңа мүмкіндіктермен қатар жаһандық жаңа технологиялық және демографиялық сын-қатерлер туындап, әлемдік тәртіп тұрақсыздана түсуде. Әрбір ұрпақтың атқаратын өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Ендігі ұрпақ бұдан да жақсы қызмет істеп, жаңа жетістіктерге жеткізсін", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті өз мәлімдемесінде.

Ол жаңа буынның келуі табиғи процесс екенін атап өтті.

"Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Әлеммен бірге біз де өзгеруге тиіспіз", - деді Елбасы.

Осы орайда Назарбаев жас қазақстандықтарға кеңес берді.

"Жас қазақстандықтарға айтарым: тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер. Бұл – біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Отанымыз да, жеріміз де бір. Халқымыздың достығы мен бірлігін, бір-бірімізге деген сенімді сақтап, еліміздегі әрбір азаматтың төл мәдениеті мен дәстүрін құрметтей біліңіздер. Сонда ғана біз мықты болып, сын-қатердің бәріне төтеп береміз. Сонда ғана біз өркендейтін боламыз", - деді ол.

Тақырып:
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
Кілт сөздер:
президент сайлауы, өкілеттік, президент
Загрузка...

Басты тақырып