Қоғам

"Билік мені таңғалдырды": саясаткер Айдос Сарым пікір білдірді

© Sputnik / Тимур БатыршинАйдос Сарым
Айдос Сарым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаткер өз ойымен ол әлеуметтік желідегі оқырманымен бөлісті

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik.  Қазақстандық саясаткер Айдос Сарым өзінің Facebook парақшасында тұңғыш президенттің өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікірін білдірді. 

"Шынымды айтсам күтпедім. Билікке таңғалмайтынмын. Бірақ бүгін мені таңғалдырды. Не дегенмен, бұл тарих", - деп жазған саясаткер өз парақшасында. 

Еске салсақ, бүгін халыққа үндеуінде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны жайлы мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысының міндетін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша  атқаратын болады. Алайда Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының басшысы болып қала береді.

Жаңалықтар
0