АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін естігенде қандай сезімде болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат бұл жаңалықты теледидардан естіген.
Мәжілісмен қимастық сезімі басымырақ екенін ашық айтты.
"Тәуелсіз ел болғанда 25-тегі жас жігіт едік, қазір 53-ке бет алған жігіт ағасы болып қалдық. Осы кезең қазақтың аузынан ақ май аққан ең бір бақытты кезеңінің қалаушысы, өз қолымен тәуелсіздіктің кірпішін қалаған ұлы адамның өз тағын ысырып беруі, сол елдің биігіне қыран сияқты ұшып келіп, сол тақтан одан да жоғары, қыран сияқты шыңға қарай беттеген тұлға үшін мақтаныш сезімі де бар, бірақ қимастық сезімі басымырақ болып отыр", - деп ағынан жарылды депутат.
Ол президент сайлауы болғанда, Қазақстанды кім басқаратынын халықтың өзі шешетінін атап өтті.