23:30 21 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Сағат

Жас ұлғайған сайын уақыт неге зымырай бастайды – ғалымдар зерттеуі

CC0 / pixabay.com
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
517910

Жастық шақта уақыт өтпейтіндей көрінгенімен, қартайған кезде қалай таң атып, кеш батқанын сезбей қаласың. Мұның сыры неде?

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. АҚШ-тың Дьюк университетінің қызметкерлері қарттарға неге уақыт зымырап өтетіндей көрінетінін зерттеп, түсіндіруге тырысты. Олардың айтуынша, бұл мидың бара-бара қартайып, жас кездегідей көп ақпаратты қабылдай алмауына байланысты, деп жазады Naked Science.

"Адамдардың көпшілігі қартайғанда таңғалып жатады, өйткені жас кезінде уақыт өтпейтіндей көрінетін. Ал зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бұл олардың бұрын көп алаңдап, терең уайымдағанын білдірмейді, керісінше, ол кезде ақпаратты тез қорытатын", - деп мәлімдеді зерттеу авторы Адриан Бежан European Review журналында жарияланған мақаласында.

Оның айтуынша, нерв және нейрондардың түйіні уақыт өте үлкейіп, күрделене түседі де, сенсорлық деректерді кодтайтын электр сигналдарының жолы ұзақ болып кетеді. Дене ұлғайып, адам миына ақпаратты жеткізетін жүйке талшықтары созыла бастайды. Жүйке талшықтары жақсы электрөткізгіш болғанымен, оларды да мінсіз деп айта алмаймыз: оның үстіне ақ зат та ақпарат жеткізу процесін ақырындатады. Нейрон жолдары қартайған сайын, олардың жағдайы төмендеп, ақпарат жеткізу қабілеті әлсірей түседі. Осы екі фактордың жиынтығы миымыздың ақпарат жеткізу, яғни қорыту қабілетін айтарлықтай бәсеңдетеді.

Бежанның сөзіне жүгінсек, ақпарат қабылдау жылдамдығының төмендегенін білдіретін негізгі белгілердің бірі – балалар ересектерден қарағанда көздерін жиі қозғалтады. Бұл олардың әр нәрсеге ойы бөлініп кететінінен емес, жас ми жаңа ақпаратты тез қабылдап, тез қорытады, демек белгілі бір нысанды бақылауға аз уақыт жеткілікті.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты қарттар белгілі бір уақыт аралығында жаңа суреттер мен образдарды ойында аз сақтайды. Сондықтан уақыт та тез өтетін сияқты көрінеді. Шынайы уақыт пен адам санасындағы уақыт бірдей емес, себебі миымыз уақытты қабылдаған жаңа ақпаратқа байланысты бақылайды.

"Көз алдындағы образдар ауысқан кезде адам санасы уақыттың өзгергенін біледі. Өткен мен қазіргі шақтың айырмашылығы адам санасының қабылдауында, оның қолдағы сағатқа қатысы жоқ. Жас кезіңізде уақыттың өтпейтіндей көрінетін себебі, ол кезде миыңыз бір тәулік ішінде анағұрлым көп ақпарат қабылдайтын", - деп түсіндіреді ғалым.

Кілт сөздер:
кәрілік, қарт, уақыт
Загрузка...

Басты тақырып