Қоғам

Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?

© AP Photo / Alastair GrantНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың заңды қызметіне кедергі жасауға, қадір-қасиетіне қол сұғуға, жауапқа тартуға болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президент ретінде өкілеттігін тоқтатты. Десе де, ол Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие, бұған қоса елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі. Sputnik Қазақстан Назарбаев пен оның отбасы ел заңдарымен қандай кепілдікке ие екенін анықтап көрді.

Тұңғыш президент – Елбасы мәртебесі не береді

Осыдан 19 жыл бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңы қабылданды. Бұл құжатта Назарбаевтың саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалған.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

Конституциялық заңда Қазақстанның Тұңғыш президентіне – Елбасына Қазақстан Республикасының президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайтыны айтылған.

Назарбаев дәуірі - Елбасының ерен еңбегі бір видеода

Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

  • Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;
  • Парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қауіпсіздік кеңесін басқару; Конституциялық кеңестің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Сонымен қатар, Назарбаевтың заңды қызметіне кедергі жасауға, көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ оның бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

Ұстауға, қамауға және жауапқа тартуға болмайды

Осы заңның 3-бабында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасына ешкім тиісе алмайтыны анық көрсетілген.

"Ол өзі Қазақстан президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауапқа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды", - делінген заң мәтінінде.

Сонымен қатар, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі жеке мүлікке де тиісуге болмайды. Олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға осы заң қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Тұңғыш президентінің – Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

Нұрсұлтан Назарбаев жиендерімен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер

Назарбаевтың өмірінен қызықты деректер - инфографика

Банктегі шоттары да қорғалады

Бұл заң, сондай-ақ, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік береді.

"Қазақстан Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды", - делінген заңда.

Баспанамен де қамтылады

Конституциялық заңның 7-бабында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету" туралы айтылған. Оған сәйкес, өз өкілеттігін тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаевқа қажетті мемлекеттік қызмет көрсетіле отырып, меншігіне қызметтік пәтер мен мемлекеттік саяжай беріледі.

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева туралы не білеміз?

Жүргізушілермен бірге жеке көлік беріледі

Құжаттың 8-бабы Қазақстанның тұңғыш президенті мен оның отбасын көлікпен қамтамасыз етуді көздейді.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты

Назарбаевқа жүргізушілерімен бірге жеке автомобиль өмір бойына берілсе, ал онымен бірге тұратын отбасы мүшелері қызметтік автокөлікті пайдалана алады.

Бұған қоса, Тұңғыш президент өмір бойы елде көлікпен тегін жүруге және ресми адамдар мен делегацияларға арналған залдарды тегін пайдалануға құқылы.

Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы қандай пікір айтты?

Өмір бойына – тегін медициналық қызмет

Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады.

Елбасының жары - Сара Алпысқызы туралы қызықты деректер

Назарбаевқа – зейнетақы, отбасына – жәрдемақы

Конституциялық заңның 11-бабы Елбасыны зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыруды көздейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Фото
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото

Өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, Назарбаев жасына қарамастан Қазақстан Республикасы президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алып тұрады. Бұл орайда оның зейнетақысы Қазақстан президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.

Назарбаевты қимаған танымал әнші көз жасын тыя алмады - видео

Бұған қоса, Назарбаевтың отбасының әрбір мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылады

Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Назарбаев - Орта Азияда өз еркімен биліктен кеткен тұңғыш президент

Назарбаев пен оның отбасына тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
0