13:25 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Дәурен Абаев

Министр Нұр-Сұлтан атауы қазақстандықтар арасында пікірталас туғызғанын мойындады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3255 0 0

Абаев елорданың жаңа атауына үйрену үшін қазақстандықтарға уақыт қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтар Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандықтардың реакциясын бақыладым. Астана атауын өзгерту айтарлықтай пікірталас туғызғанын мойындау керек, соның ішінде теріс пікірлер де болды", - деді Абаев үкімет кулуарында.

Нұр-Сұлтандағы маңдайша жазулар мен атауларды ауыстыруға қанша ақша кетеді?

Министр елорданың жаңа атауына үйрену үшін қазақстандықтарға уақыт қажет екенін айтты.

"Барлық процесс үшін белгілі бір уақыт қажет. Естеріңізде болса, Ақмоланы Астана деп өзгерткен кезде, түрлі пікір айтылып, мемдер пайда болған еді. Уақыт өткеннен кейін, Астана брендін бәріміз де жақсы көріп кеттік", - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Елорда атауын өзгерту туралы Нұрсұлтан Назарбаев не айтты?

Тақырып бойынша

Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр
"Ұрпақ алдындағы парызымыз" Асқар Мамин елорданың жаңа атауы туралы пікір білдірді
Астана атауы өзгергенін білген Ақтөбе тұрғыны әп-сәтте байып кетудің жолын тапты
Кілт сөздер:
Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан, қазақстандықтар
Загрузка...

Басты тақырып