Қоғам

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

© Photo : Официальный сайт президента РКҚазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасын 2 мыңға жуық студент ұшақтан күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алматыға келген Нұрсұлтан Назарбаевты жастар гүлмен қарсы алып, тұңғыш президентке алғыс білдірді, деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?

Елбасын қарсы алуға G-38 студенттік ұйымдарына мүше жоғары оқу орындарының екі мыңға жуық студенті келді.

Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға көрсеткен қолдауы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Елбасы да өзін құрметпен қарсы алған жастарға ризашылығы мен тілегін жеткізді.

"Сендер бақытты жансыңдар: әсем қалада оқисыңдар, әлемге әйгілі елде өмір сүресіңдер. Қазақстан – біздің отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздікті сақтау. Баршаңызға зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев студенттерге.

Жаңалықтар
0