07:07 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Дариға Назарбаева

"Халықты хабардар ету керек": Дариға Назарбаева қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді

© Photo : оргкомитет "Астана Клуб"
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1061301

Сенат төрайымы экологиялық мәселелелерді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Сенаттың жалпы отырысында спикер Дариға Назарбаева үкіметтің назарын бүгінгі күні қоғамды аса толғандырып отырған бірнеше экологиялық мәселеге аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоғарғы палата төрайымы өткен жылдың соңында Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуына тоқталды.

"Бұл төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істер қозғалды. Дегенмен балықтардың жаппай қырылуының нақты себептерін және қоршаған ортаға келтірілген залалды анықтап, осы төтенше жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде жұртшылықты кеңінен әрі ашық түрде хабардар етуге айрықша мән берілуі қажет", - деді ол.

Сондай-ақ, 13 наурызда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнынан шыққан өрт те Назарбаеваның назарынан тыс қалмады. Айтуынша, экологиялық мәселелерге жауапты мемлекеттік органдар қоршаған ортаға және тұрғындарға ешқандай зиян келмейді деп сендірсе де, апатты жағдайға нақты баға берілуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Маңғыстаудағы апат - видео

"Ауаның, судың, топырақтың сапасына күнделікті тексеріс жүргізу керек. Бұл мәселе мемлекет басшысының жеке бақылауында. Сондықтан осы экологиялық мәселелелерді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігіне үкіметтің назарын аударамын", - деді Назарбаева.

Сенат спикері қажет болған жағдайда, осы салаға қатысты заңнамаға тиісті түзетулер енгізу жұмыстарын қолға алған жөн деп санайды.

Тақырып бойынша

"Өлген балық көрмедік" Вице-министр Жайықтағы жағдайды көріп қайтты
"Бес тонна өлі балық жиналды" Депутат қазақстандықтардың денсаулығына алаңдады
Шығыс Қазақстанда аптап ыстықтан балық жаппай қырылып жатыр
Маңғыстау кен орнындағы апат: министрлік мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
үкімет, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып