10:19 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Қасым-Жомарт Тоқаев

"Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін" Тоқаев Мамин мен Шөкеевке тапсырма берді

© Официальный сайт Президента РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1231810

Леңгір қаласының тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Леңгір қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйдің мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне Леңгірдегі көппәтерлі тұрғын үйдің өткір мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырдым", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Белгілі болғандай, Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғындары көп жылдан бері кәріз жүйесінің зардабын тартып келеді. Көп пәтерлі баспананың тұрғындары бір жыл бұрын да жертөлені нәжіс басып кететінін айтып шағымданған көрінеді. Сол кезде аудан басшылығы кәріз жүйесін жөндеуге уәде бергенмен, сол күйі орындамаған, деп хабарлайды 31 арна.

"Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін мына үйде", - деп ашынды тұрғындар.

Ал аудан әкімдігі болса, кәріз жүйесінде еш ақау жоқ деп сендіріп отыр. Кәрізді қоқысқа толтырып тастайтын тұрғындардың өздері дейді.

Жалға берілетін 60 пәтерлі тұрғын үйде, негізінен, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер тұрады екен.

Тақырып бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Ресей" матчын тамашалауға келді - фото
Тоқаев тағы бір көмекшісін тағайындады
Президент Тоқаев Шпекбаев пен Асановқа тапсырма берді
Тоқаев Айдос Үкібайды қызметінен босатты
Тоқаев Астананың атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаев Ұлттық банк төрағасына теңге бағамына қатысты тапсырма берді  
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
Кілт сөздер:
тұрғындар, пәтер, көпбалалы отбасы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып