Қоғам

Пәтерді қалай тиімді сатып алуға болады - мамандар кеңесі

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуҮй макеті
Үй макеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ипотекалық ұйым өкілдері пәтерді тиімді сатып алу жолымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. "Баспана" ипотекалық ұйымының мамандары    "7-20-25" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша қанша пәтер берілетінін айтты.

"1 сәуірдегі мәліметке сүйенсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша нарықта 1 789 пәтер бар. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында беріледі", - деп хабарлады ипотекалық ұйымның баспасөз қызметі.

Толық ақпарат "Баспана" ипотекалық ұйымының сайтында жарияланған.

7-20-25 бағдарламасының шарттары мен ережелері

Еске сала кетсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық баспана 2018 жылдың шілде айынан беріле бастады. 

2019 жылдың 30 наурызына дейін 11 021 өтінім түскен. Оның 6 450-і мақұлданды. Жалпы сомасы - 75,2 миллиард теңге (197,8 миллион доллар).

Пәтер сатып алудың тағы бір тиімді жолы

"Қазақстанның ипотекалық компаниясы" АҚ қарыздың ең жоғары сомасының ұлғайтылғанын хабарлады. "Орда" ипотекасы бойынша бұл сома 40–тан 65 миллион теңгеге (105 мыңнан 171 мың долларға) дейін артатын болады. Мұндай мүмкіндік Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының тұрғындары үшін қарастырылып отыр.

Пәтер кілті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық банк "7-20-25" бойынша қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді

Қазақстанның ипотекалық компаниясының "Орда" бағыты бойынша кез келген қазақстандық пәтер алуы мүмкін. Сатып алушының атында өзге пәтердің болуы тексерілмейді. Төлем қабілеттілігі толықтай расталса, ипотекалық қарыздың жылдық үстемақысы 12% болады. Төлем қабілеттілігі жартылай ғана расталса, 14%-ға көтеріледі.    

"Үлкен қалалардағы баспана құны мен сұраныстың жоғары болуын ескере отыра, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ипотеканың ең жоғары сомасын 65 миллионға дейін көбейтілді. Өзге өңірлер үшін 40 миллион теңге сақталады. Қарыздың ең төменгі сомасы – 1 миллион теңге. Қарыз алу мерзімі – 20 жыл", - деді ҚИК баспасөз қызметі.

Ипотека алған тұрғындар айына қанша төлейді

Қарызды 21 жасқа толған кез келген қазақстандық рәсімдей алады. Несиені төленіп болатын уақытта оның жасы зейнетке шығу жасынан аспауы керек.

Несиені ҚИК серіктес банктері береді. "Орда" ипотекасын "Цеснабанк", "Банк ЦентрКредит", "Kassa Nova" және  "Евразийский банк" арқылы алуға болады. Сондай-ақ, BI Group-тың ипотека орталықтарында да рәсімделеді.

Төлем қабілеттілігі толықтай расталса, "Орда" ипотекасының бастапқы жарнасы пәтер құнының 30% -на тең болады. Ал жартылай расталса, баспана құнының 50% -ін төлеу керек. Сондай-ақ бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға болады. Ол қарыз алушының жеке баспанасы немесе өзге адамның пәтері болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0