07:06 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Жүкті әйел

Жүкті әйелдерге – 425 мың теңге: министр жаңа төлем туралы айтты

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
740251

Біртановтың айтуынша, халық денсаулығы туралы жаңа кодекс аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге төленуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасына осындай норма енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов егер заң жобасына енгізілген өзгертулер қабылданса, онда жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленетінін растады. Бірақ бәріне бірдей емес, тек жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға ғана.

Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында жүкті әйелдерге ең төменгі жалақының он еселенген мөлшері шамасында төлем төлеу туралы норма қарастырылған.

Сондай-ақ, Біртановтың айтуынша, халық денсаулығы туралы жаңа кодекс аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.

"Өкінішке қарай, қазір азаматтар өз денсаулығына салғырт қарайды, көп жағдайда дәрігерлердің араласқанын күтеді. Бірақ, тым кеш болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан шаралардың дені профилактикаға, соның ішінде, вакцинацияға бағытталған", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Заң жобасында, тіпті, денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу де қарастырылған.

"Біз ана мен баланың денсаулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынуды жөн көрдік. Атап айтсақ, оларды дер кезінде есепке тұруға ынталандырғымыз келеді. Сондай-ақ, уақытында есепке тұрмайтын, дәрігерге қаралмайтын, екпеден бас тартатындар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсындық", - деді ведомство басшысы.

Қазір бұл ұсыныстардың барлығы талқыланып жатыр.

Тақырып бойынша

Ғалымдар жүкті әйелдерге неге көп ұйықтауға болмайтынын айтты
Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты
Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Кілт сөздер:
жүкті әйелдер, әлеуметтік көмек, Елжан Біртанов
Загрузка...

Басты тақырып