Қоғам

Назарбаев: Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті туған ауылының тұрғындарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері - Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды Ақорда.

"Туған ауылыма келген сайын әрқашан балалық шағымды жылы сезіммен еске аламын. Менің жүріп өткен жолым оңай болған жоқ, мемлекетіміздің ілгерілеуі мен өркендеуі үшін көп еңбек еттім. Шаршаған кездерімде әкем екеуіміз жиі серуендеген Шамалғанның көшелері мен тау бөктерлерін есіме алатынмын. Сол сәтте-ақ шаршағаным басылады", – деді Елбасы.

© Photo : Официальный сайт президента РКНазарбаев Шамалған ауылының халқымен кездесті
Назарбаев: Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін - Sputnik Қазақстан
Назарбаев Шамалған ауылының халқымен кездесті

Қазақстанның тұңғыш президенті жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында еліміздің халықаралық аренада мойындалғанын атап өтті.

"Біз үлкен жұмыс атқардық. Бұрын ешкімге белгілі болмаған Қазақстан бүгін бүкіл әлемге танылды. Қазақстандықтар түрлі елдерге барып, дүние жүзінің ең үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы алдағы қызметі жөніндегі жоспарларына тоқталды.

"Мен Елбасы ретінде стратегиялық мәселелерге көңіл бөлетін боламын. Қасым-Жомарт Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: Бізге надан­дықтан құтылу қажет

Нұрсұлтан Назарбаев елімізді жаңғырту жөнінде қабылданып жатқан шаралар, ең алдымен, жастарды қолдауға және олардың дамуына бағытталғанын атап өтті.

"Мен Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенемін. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Кім бизнес ашқысы келсе, оған несие беріледі. Мамандығы жоқ болса, мемлекет оған жаңа кәсіптік білім береді. Мәселе жұмыстың жоғында емес, мамандықтың болмауында. Сонымен қатар, біз ауылдарды дамыту үшін көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз", – деп түйіндеді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде теңдесі жоқ әлеуметтік шаралар қолға алынып отырғанын атап өтті. Республикада азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоғамда патерналистік түсінікке жол бермеудің маңыздылығына баса назар аударды.

"Кез келген ер адамның ар-намысы болуға тиіс. Бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-ананың жауапкершілігі. Ал мемлекет ата-аналарды жұмыспен қамтып, балаларын асырауына жағдай жасауы керек", – деді Назарбаев.

© Photo : Официальный сайт президента РКЕлбасы Шамалған ауылында
Назарбаев: Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін - Sputnik Қазақстан
Елбасы Шамалған ауылында

Соңында Елбасы кездесуге қатысушыларға табыс тілеп, олардың жаңа белестерді бағындыруына ниеттестік білдірді, сондай-ақ барлығын Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуге шақырды.

Жаңалықтар
0