21:41 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

"Шашымды тақырлап алып тастаймын, егер..." Жұрт Тоқаевқа не жазып жатыр?

© Официальный сайт Президента РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10405 0 0

Қазақстандықтар президенттің еліміздегі танымал әлеуметтік желіден ресми парақшасын ашып, халыққа біртабан жақындай түскеніне қуанып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграмға кеше ғана тіркелсе де, парақшасына жазылғандар саны 207 мыңнан асты. Ал мемлекет басшысының алғашқы жазбасына 5 мыңнан аса пікір жазылған. Sputnik Қазақстан қазақстандықтардың президентке жазған пікірлеріне шолу жасап, ең маңызды әрі қызықты дегендерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.

Әлеуметтік желілердің кешкі тоғыз бен он бір аралығында бұғатталуы қазақстандықтарды көп мазалайтын сияқты. Мұны алғашқы жазбаның астындағы пікірлерден аңғару қиын емес.

"Инстаграмға қош келдіңіз! Бірақ, бірден ескертіп қояйын, кей кезде ол кешке қарай жұмыс істемей қалады".

"Құрметті президент, күн сайын кешке таман әлеуметтік желілер бұғатталады. Осы мәселеге назар аударсаңыз. Түсінгеніңізге рақмет".

Сондай-ақ, елорда атауын кері қайтаруға қатысты пікір білдіргендер де жетіп артылады.

"Астананың бұрынғы атауын қайтарсаңыз дұрыс болар еді!", - деп өтініш білдірген қолданушылардың бірі.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының бір тұрғыны кредитті "жабу" үшін зейнетақы жинағын беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған.

"Менің өтінішім бар: зейнетақы жинағының бір бөлігін кредитті жабуға берсе қалай болар екен. Осы мәселені көтерсеңіз", - деп жазған.

Тағы оқыңыз: Назарбаев: Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін

Енді бірі елімізде оңтүстік өңірлерге ерекше екпін қойылғанын айтып, Тоқаевтың назарын орталық аймақтарға аударды.

"Қарағанды облысындағы экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайға назар аударыңызшы және Жезқазғанға көңіл бөлсеңіз. Өңір тоқырау жағдайында тұр", - деп жазған ол.

Пікірлердің бірсыпырасы жұмыс пен жалақының төмендігіне қатысты болды.

"Қарапайым қара халыққа мемлекеттен бір тиын да керек емес. Ең бастысы жұмыспен қамтамасыз ету керек және лайықты жалақы керек. Сонда баспананы да өздері-ақ сатып алады, жағдайларын өздері-ақ жасайды. Қаншама ауыл, қала жастары оқу бітірген соң, жұмыс таппай, Корея, Ресей, Канада, Чехия елдерін кезіп қаңғып жүр", - деп ашынған желі қолданушыларының бірі.

"Жекеменшік компанияларда жалақыны көтеру мәселесін шешкеніңізді қалаймын. 65 000-80 000 теңгеге өмір сүру өте қиын. Мемлекеттік құрылымдарда жалақыны көбейтіп отырса, жекеменшік компанияларда өспейді", - дейді тағы бірі.

Тағы бірілері ЖОО-дағы оқу ақысы мен төлқұжаттың қымбаттығына қапаланған.

Қытайдан қашып келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай мен Серікжан Біләштің тағдырына алаңдағандар да кездесті. Президенттен осы мәселеге араласуын өтінген.

Қазақстандықтарды мазалайтын тағы бір мәселе – зейнет жасының ұлғаюы екен.

"Әйелдер үшін 58 жасты қайтарыңызшы. Себебі 50 жастан кейін әйелдерге жұмыс табу, жұмысқа орналасу өте қиын, ешкім ала қоймайды", - деп мұңын шаққан қолданушылардың бірі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Бізге надан­дықтан құтылу қажет

Енді бірі мемлекет басшысынан Семейді облыс орталығы етуді өтінсе, тағы бірі Павлодар мен Петропавл атауы қашан қазақшаланатынын сұрапты.

Оңтайлы сәтті пайдаланып, өз қызметтері мен тауарларын жарнамалағандар да табылды.

Мәселен, кілем жуумен айналысатын фирмалардың бірі "Бұрынғы қожайындардан кейін ғимараттағы жұмсақ жиһаздар мен кілемдерді тазалап алғыңыз келмей ме?"деген жазба қалдырған.

Сонымен қатар, Тоқаевтың аккаунт ашқанына сенбей, президенттен тікелей эфирге шығуды өтінгендер де бар.

"Бұл шынымен сіздің аккаунтыңыз ба? Мүмкіндік болғанда, тікелей эфирге шығыңызшы", - деп жазған қолданушылардың бірі.

Бір қолданушы, тіпті, егер президент оның жазбасына жауап қайтарса, шашын тақырлап алып тастауға дайын екенін жазған.

"Егер президент жауап берсе, шашымды тақырлап алып тастаймын", - дейді ол.

Тақырып бойынша

Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
"Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін" Тоқаев Мамин мен Шөкеевке тапсырма берді
Тоқаев тағы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады
Әлеуметтік желідегі Тоқаев туралы не білеміз?
Тоқаев президенттің Байқоңырдағы арнаулы өкілін қызметінен босатты
Кілт сөздер:
пікір, қазақстандықтар, әлеуметтік желілер, инстаграм, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып