10:20 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Баспана, архивтегі сурет

"Маған ренжімесін": Нығматулин кімге көңілі толмайтынын айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
269 0 0

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ПИК төрағаларының жұмысын сынға алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Енді еліміздегі пәтер иелері кооперативінің басшыларына жаңа талаптар қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды.

Жиында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл салада шешілмеген мәселе көп екенін алға тартты. Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы құқықтық қарым-қатынастың жаңа жүйесі бар. Оған сәйкес, қызметкерлерге жаңа талаптар қойылады.

"Біріншіден, кадр мәселесіне байланысты. Қазір бұл салада не болып жатыр? Кешіріңіздер, бірақ басқарма үйі немесе ПИК төрағалары туралы айтқан кезде көз алдымызға егде жастағы адам елестейді. Ол, әдетте, тәжірибелі полицей болады. Ал егер әйел болса, оның даусы жиналыста бәрінен қатты шығады. Шынтағы да мықты болады. Алайда екеуінің де бұл саладан хабары жоқ, кәсіби маман емес. Бұл – қазіргі ПИК төрағасының портреті. Маған ренжімесін", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Уақытша тіркеуді ПИК-те рәсімдеуге болады

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бұл мәселені тұрғындар депутаттардан да артық біледі.

"Осы заң жобасына енгізілген өзгерістерден кейін бұл қызметке тиісті білімі бар адам ғана орналасатын болады. Мысалы, экономист, заңгер, инженер, әлеуметтік қызметкер пәтер иелері кооперативінің төрағасы болуы мүмкін. Әлемде осындай тәжірибе мен талап қолданылады. Көп пәтерлі үйді басқару – хобби емес, маңызды менеджерлік жұмыс. Үйлерді басқаратын адамдарға қандай талап қойылатынын анықтап алу керек", - деді Нұрлан Нығматулин.

Депутаттар аталған заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың тапсырмасы: мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі
Пәтерді қалай тиімді сатып алуға болады - мамандар кеңесі
Жас отбасы 6 миллион теңге ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған
Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты?
Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео
Кілт сөздер:
пәтер, Нұрлан Нығматулин
Загрузка...

Басты тақырып