06:24 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Президент сайлауы

Министрлік президент сайлауына қанша ақша жұмсалатынын айтты

© AFP 2019 / VYACHESLAV OSELEDKO
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
183 0 0

Бұған дейін әр кандидатқа бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлінуі мүмкін екені хабарланған

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге үкіметтен 12 миллиард теңге сұрап отыр. Бұл туралы бүгін бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы 12 миллиард теңге бөлу туралы қолдаухат енгізді. Қазір есептеулерді бағалау мен осы есептеулердің негізділігі тексеріліп жатыр", - деді Шолпанқұлов сенат кулуарында.

Ол орталық сайлау комиссиясы сұраған соманың азаюы да мүмкін екенін атап өтті. Бюджеттен бөлінетін ақшаның 70 проценті сайлау округтерінде жұмыс істейтіндердің жалақысына жұмсалмақ.

"Барлық есептеу жүргізілгеннен кейін, біз екі күн ішінде талдау жасап, қорытындысын беруге әзірміз", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, өткен жылы 2020 жылы өтуі тиіс болған президент сайлауына бюджеттен 8,8 миллиард теңге қарастырылған. Алайда осы жылдың басында ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайғаннан кейін, қаржы көлемі де өсіп отыр.

Партия жетекшілері Тоқаевқа қандай ұсыныс білдірді

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы әр кандидатқа бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлінуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Ақша үкіметтің резервінен бөлінеді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бүгін президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.

Президенттікке кандидат ұсыну қашаннан басталады?

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Қазақстанда қанша сайлаушы бар – ОСК жауап берді
Президент сайлауы: әр кандидатқа бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінуі мүмкін
Президент сайлауы: кандидаттың қазақ тілін білетіні қалай анықталады?
Nur Otan партиясы президенттікке өз кандидатын 23 сәуірде ұсынады
Иманғали Тасмағамбетов неліктен президент бола алмайды – саясаттанушы пікірі
Кілт сөздер:
қаржыландыру, президент сайлауы
Загрузка...

Басты тақырып