02:37 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Зағипа Балиева

Зағипа Балиева кімдердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек екенін айтты

© Photo : Служба центральных коммуникаций
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1088310

Депутат мүгедек балалар мен оларды бағып отырған ата-аналардың мәселесін көтерді   

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жарымжан бала бағып отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды.

Сондай-ақ, оның пікірінше, мүгедек бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 18 жастан кейін де қалдыру керек, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Бүгінде Қазақстанда 18 жасқа дейін 87 мың мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олар үш топқа бөлінеді. 63,3 мыңы туа біткен ауытқулар мен жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан. Есту қабілеті бұзылған балалар саны – 4,5 мың, көру қабілеті бұзылғандар – 4,5 мың, жүріп-тұруында қиындығы барлар – 28 мың. Зағипа Балиева елде кәсіби психолог жоғын айтты. 

"Дайын кәсіби психологтар жоқ. Мәскеу мектебі, Петербор мектебі бар. Бірақ Қазақстан қоғамына бейімделген мамандар жоқ. Білім министрлігі осыған назар аудару керек. Ғалымдар бар, ғылыми жұмыстар жазылады. Психиатр бар. Бірақ психологтар жоқ. Біз балалар суициді бойынша үшінші орындамыз", - дейді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі.

Тақырып бойынша

Министр Әбілқасымова кімдер зейнетке 53 жасында шығатынын айтты
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
433 мың: зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Келесі жылдан бастап кімдер зейнетке ерте шыға алады 
Министр мұғалімдердің 48 жасында зейнетке шығу мүмкіндігі туралы айтты
Кілт сөздер:
мүгедек, депутат, Зағипа Балиева
Загрузка...

Басты тақырып