Қоғам

"Ән өнеріндегі құбылыс" Тоқаев Димашпен қол алысып түскен суретін жариялады – фото

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПевец Димаш Кудайберген
Певец Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында өнер көрсеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергенмен түскен суретін жариялады.

"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", - деп жазды мемлекет басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Президент бірнеше сурет жариялаған. Бірінде Димаш Қазақстан президентімен қол алысып амандасып тұрса, екіншісінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке ізетін білдіруде.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 сәуір күндері алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстанда болды. Екі елдің президентінің қатысуымен өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімінде Димаш Құдайберген "S.O.S" әнін орындап, көрермендерді тәнті етті.

Сондай-ақ, гала-концертте Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Мария Мудряк сынды отандық өнер қайраткерлері мен сахна шеберлері өнер көрсетті.

Жаңалықтар
0