16:18 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
 Қазақстан әскері дабыл бойынша көтерілді

Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

© Photo: Официальный сайт Минобороны РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2968711

"Айбалта – 2019" оқу-жаттығуы осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері "Айбалта – 2019" ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында оқу дабылы бойынша көтерілді. 

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлердің басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау болып табылады.

Оқу-жаттығудың маневріне шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, майдандық және армиялық авиация тартылды.

 "Оқу-жаттығуға Құрлық әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері тартылды", - деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Әскерлердің теміржол көлігімен қозғалуы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оған 20-дан аса әскери эшелон тартылды. 8 лек құрамында автомобильді көлікпен 400-ден аса бірлік әскери техника марш жасады. Қозғалыстың ұзындығы 300-ден бастап 1000 шақырымнан асады.

 "Айбалта – 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысының "Көктал" оқу-жаттығу полигонында өткізіліп жатыр, осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады.    

Кілт сөздер:
әскерилер, қорғаныс министрі, дабыл
Загрузка...

Басты тақырып