15:01 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
 iPhone XS пен XS Max

"Балаңыз iPhone сұраса..." психолог кеңесімен бөлісті

© REUTERS / Stephen Lam
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
296 0 0

Психолог адамдардың неге қымбат дүниеге әуес болатынын айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір - Sputnik. Психолог бала қымбат зат сұраса не істеу керектігі туралы Sputnik Қазақстан тілшісімен бөлісті.

Төреғали Батырханұлының айтуынша, қымбат дүниеге балалар да, ересектер де қызығады. Қымбат болса, сапасы жақсы болады деген ой санаға сіңіп кеткен.

Тағы оқыңыз: Баланы блогер мен вайнер тәрбиелемеуі керек 

"Мысалы андроидқа қарағанда, айфонның функциялары көп, қолдану ыңғайлы деп есептеледі. Ертең айфоннан да сапалы телефон шықса, адамдар оны пайдалануға асығады, Қымбат болса да, соны алады. Баға мен сапасы емес, дизайны маңызды. Алайда бұл психологиялық ауытқуға әкелмейді. Бұл адамдардың сұранысынан туындаған қажеттіліктер",- дейді психолог. 

Тағы оқыңыз: Мамандар бала тілінің неге кеш шығатынын түсіндірді

Төреғали Батырханұлы қымбат зат пен арзан заттың айырмашылығын балаға үнемі түсіндіріп отыру керектігін айтады.

"Егер қымбат затты алуға мүмкіндігіңіз болмаса, дәл сондай функциясы бар балама телефон алуға болатынын айту керек. Бала есейіп қалса, қосымша жұмыс істеп ақша табу жолдарын да көрсеткен дұрыс. Өйткені сұраған затын сатып алуға жағдай жоқ деп, тежеп тастау бала психикасына кері әсерін тигізеді", - дейді маман. 

Тағы оқыңыз: Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі қандай?

Оның айтуынша, адамдар  қабілеттерін, қарымдарын көрсету арқылы бір-бірінен ерекшеленуге тырысады. Өзгелерден ерекше болу адам бойында сенім қалыптастырады.

"Адам өзінің басқалардан артық екеніне сене бастайды. Кей жағдайда ол шынайы дарын болуы да мүмкін, ал кейде адам өзін-өзі алдайды. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл - бәсекелестік", - дейді психолог.  

Ол кез келген компания қоғамды, адамдардың психологиясын әбден зерттейтінін атап өтті. Ауа  райы, географиялық жағдай, психологиялық ерекшеліктерді зерттей келе, нарыққа өздерінің тауарларын шығарады. Сонда ғана олар тауарды жасауға жұмсалған шығынды ақтай алады. 

Тақырып бойынша

Телефонды түсінбейтін ақсақалдың видеосы желіде жылдам таралып жатыр
WhatsApp арқылы тараған хабарлама павлодарлықтарды дүрліктірді
Парижде наразылық білдірушілер Apple дүкенін тонады – видео
Тұтынушылар лигасы адамдардың жеке мәліметін заңсыз пайдаланатындардың былығын айтты
Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды
Кілт сөздер:
психолог, бала
Загрузка...

Басты тақырып