16:32 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
667210

Ғалымдардың айтуынша, ұзақ уақыт бойы таңғы ас ішпеу семіздікке шалдықтыруы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Таңғы ас ішпеу жүрек-қантамыр дерті мен инсультке әкеп соғуы мүмкін. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесі Journal of the American College of Cardiology ғылыми журналында жарияланған.

Ғалымдар аса қауіпті азық-түлікті атады

Мамандар 1988-1994 жылдары 40 және 75 жас аралығындағы 6550 адамның денсаулығын зерттеген. Олар анықтағандай, адамдар ұзақ уақыт таңғы асын әдейі ішпей жүрсе, семіздікке, холестерин деңгейі ұлғаюына, қан қысымының артуына, диабеттің екінші типіне және метаболизм синдромына жиі шалдығады екен.

Мезгілсіз қазаға не әкеп соқтырады - ғалымдар жауап берді

Таңғы ас ішпеудің қаупі

Таңғы ас ішпейтіндер арасында жүрек-қантамыр дертінен қайтыс болу қаупі таңертең тойып тамақтанатындарға қарағанда 87% жоғары болып шықты.

Ғалымдар атап өткендей, таңғы астан бас тарту міндетті түрде осы дерттерді қоздырмайды. Бұған көз жеткізу үшін қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Мамандар таңертең нақты қандай ас жеу керектігін ескерген жоқ, адамның таңғы ас ішкенін ғана есепке алды.

Барлық диетаға ортақ өрескел қателік

Тақырып бойынша

Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын анықталды
Әйелдердің ер адамдарға қарағанда неге ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
Қант адамның көңіл-күйіне қалай әсер етеді - ғылыми зерттеу
Күнделікті қолданылатын ең лас он зат анықталды
Мінсіз мүсін: бір ай ішінде қарындағы майдан қалай арылуға болады?
Сарымсақты көп жесе, не болады – ғалымдар жауап берді
Кілт сөздер:
ғалымдар, таңғы ас
Загрузка...

Басты тақырып