18:35 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Шаңды дауыл, архивтегі сурет

Шаңға аллергияңыз болса, не істеу керек?

© AFP 2019 / GREG WOOD
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
608 0 0

Аллергияның алдын алу үшін біраз тағамнан бас тарту керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Ресейдің тұтынушылар құқығы және адамның әл-ауқаты саласын қадағалау федералды қызметі көктемгі аллергияның негізгі белгілері мен емделу әдістері туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды life.ru.

Аллергияға тән белгілер – тұмау, мұрынның бітелуі, жиі түшкіру, қызару, ісік және көздің қышуы, деп атап өтті мамандар.

Тағы оқыңыз: Жойқын шаңды дауыл тұрғындардың зәресін алды - видео

Олардың айтуынша, аллергиядан емделу немесе алдын алу үшін көшеден келген соң міндетті түрде жуынып, киім ауыстыру қажет. Сонымен қатар, ауыз қуысы, мұрын мен көзді физиологиялық ерітіндімен шаю қажет.

Бұдан бөлек, мамандардың кеңесіне сүйенсек, күнделікті рационнан сүйекті жеміс, жаңғақ, ас көк және дәмдеуіштер, квас және балды алып тастау керек.

"Емдік шөптерді немесе өсімдіктерден жасалған опа-далапты пайдалануға болмайды", - деп атап өтті ведомство.

Тағы оқыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Сонымен бірге, далада көп жүрмей, қала сыртына да шықпаған жөн. Бөлме және көліктің терезесін қымтап, уақытылы дымқыл шүберекпен тазартып отыру керек.

Белгілер байқалған жағдайда дәрігерге қаралып, неден аллергия туындағанын анықтаған жөн.

Тақырып бойынша

"Рактан жазылды". Қымыз бен шұбат қандай ауруларға ем?
Ғалымдар күріштің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды
Қыдырып келген 11 жасар бала әжесінің тамағының иісінен көз жұмды
"Қырыңмен жүресің" Нұр-Сұлтанның тұрғындары өз өмірі үшін алаңдап отыр
Кілт сөздер:
аллергия
Загрузка...

Басты тақырып