23:47 21 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қасым-Жомарт Тоқаев білім министрі Күләш Шәмшидинованы қабылдады

Тоқаев білім министріне мұғалімдерге қатысты тапсырма берді

© Photo: официальный сайт президента Республики Казахстан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
632102

Қасым-Жомарт Тоқаев білім министрі Күләш Шәмшидиноваға мұғалімдердің мәртебесін көтеруді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Шәмшидинова мемлекет басшысына білім беруді және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндады.

Тағы оқыңыз: Білім министрі ҰБТ-ға қатысты ескерту жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымда оқытуды жою, жаңа мектептер салу және үш тілде білім беруге біртіндеп өту жұмыстарын жалғастыру маңызды міндет екенін айтты.

Күләш Шәмшидинова техникалық және кәсіби білім беру ісінің жағдайы және бизнес пен оқу орындарының арасындағы өзара іс-қимылдарды жолға қою шаралары жөнінде есеп берді.

Кездесу барысында жоғары білімнің сапасын арттыруға және ЖОО түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысқа сай болуына ерекше назар аударылды.

Тоқаев қандай тапсырма берді?

Мемлекет басшысы мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларын артық есеп берулерден арылтып, педагогтардың мәртебесін көтеруге, ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға, бірінші кезекте мемлекеттік тілде зерттеулер жүргізетін гуманитарлық бағыттағы ғалымдарға басымдық беруге  бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Шәмшидинова бұрынғы министр Сағадиевтің саясатын жалғастырмайтынын айтты

Қазақстан президенті кездесу соңында білім беру жүйесінің мәселелері бұдан былай да өзінің жіті назарында болатынын айтты.

Загрузка...

Басты тақырып