01:30 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Асылы Осман

"Қайда қарап отыр?!" Асылы Осман қазақ тілінің дамымай жатқанына кім кінәлі екенін айтты

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
127510

Қоғам қайраткері қазақ тілінің әлі де өз тұғырына қонбай келетініне қапаланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Белгілі қоғам қайраткері Асылы Осман қазақ тілінің өз тұғырына қонбай отырғанына қапаланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Асылы Осман қазір елімізде қазақ тілінің қолданыс аясы бұрынғымен салыстырғанда, әлдеқайда кеңейгенін атап өтті. Бірақ, мемлекеттік тіл әлі де өз тұғырына қонбай тұр.

"Бұрын сені қазақ тілінде сөйлеткізбейтін. Қазір, Құдайға шүкір, менің осылай сайрап тұрғаным тәуелсіздіктің арқасында. Бірақ мені әлі де қапаландыратыны – қазақ тілінің тұғырына қонбай тұрғаны", - дейді елордадағы ҚХА сессиясына келген қоғам қайраткері.

Айтуынша, қазақ тілін сол тұғырға қондыру халықтың өз қолында.

"Тіл де тірі организм. Тіл субъектімен ғана өмір сүреді. Ол субъекті халық, яғни сіз бен біз. Бұл тілді қолдануымыз керек. Сонда ғана ол тіл ары қарай дамиды, өсіп-өнеді, өркендейді. Ал егер тілге сұраныс, қажеттілік болмаса, онда еш нәрсе болмайды. Енді тіліміздің жайын ойлап, сондай талаптар қойылатын шығар деген үміттемін. Бұрынғыға қарағанда жақсы, бірақ өз дәрежесінде болмай тұр", - деп қапаланды ол.

Осман мемлекеттік тілдің дамуына билік басындағы шенеуніктер де атсалысуы керек екенін айтты.

"Президенттің төңірегіндегілер қайда қарап отыр?! Біз өзіміз қайда қарап отырмыз? Неге қазақ өзінің немересімен орысша сөйлеседі? Басты кінә өзімізден. Қазақтың өзі қазақша сөйлемейді", - дейді қоғам қайраткері.

Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы басталды. Биылғы сессияның тақырыбы – "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру".

Тақырып бойынша

Ғалым: парламентте ілініп тұрған латынша "Мәңгілік ел" сөзінде 5 қате бар - фото
Шерубай Құрманбайұлы терминдердің неге сауатсыз аударылатынын түсіндірді
"Қазақтардың басын қатырып жүрміз": белгілі ғалым аудармадағы қателіктерді тізіп берді
"Қазақ тілі – қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді
Абайды оқып, Төреғалиді тыңдайтын поляк жігіті қазақ тілін барша жұртқа насихаттап жүр
Кілт сөздер:
қазақ тілі
Загрузка...

Басты тақырып