15:51 21 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Калькулятор

Енді 1,2 млн теңге жарнамен пәтер алуға болады: жаңа бағдарлама іске қосылмақ

© Sputnik / Нина Зотина
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4585 0 0

Жаңа бағдарлама бойынша 12 миллион теңгенің пәтерін алу үшін 1 миллион 200 мың теңге алғашқы жарна салса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова алдағы айда көпбалалы және толық емес отбасыларға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?

"Қоғамдық кеңесте мамырдың соңында іске қосылатын жаңа бағдарламаны талқыға саламыз. Ол көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Оған кем дегенде 4 баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған азаматтар, толық емес отбасылар, жалғызбасты аналар қатыса алады", - деді Ләззат Ибрагимова Қазақстанның тұңғыш президентінің 5 әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің кулуарында.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша пәтерді 19 жылға 2% ипотекаға алуға болады.

"Табыс орташа болу керек. Мысалы, 12 миллион теңге көлеміндегі зайымды алу үшін отбасының барлық мүшесіне шаққандағы табыстың мөлшері 88 450 мың теңге болуы шарт. Нәтижесінде алғашқы 8 жылда олар ай сайын 60 мың теңге, кейінгі 11 жылда 44 мың теңге төлейді", - деді басқарма төрайымы.

Сонымен қатар Ләззат Ибрагимова бұл бағдарлама аясында жаңа және бұрын пайдалануға берілген баспананы сатып алуға мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады

"Бағдарлама бойынша пәтердің бағасы Астана, Алматы қалаларында 15 миллион теңге, облыс орталықтарында 10 миллион теңгені құрайды. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар осы бағдарламаны күтіп отыр. Себебі, бағдарламаның жылдық проценттік ставкасы төмен. Ол 2% құрайды", - деді ол.

Басқарма төрайымы биыл бұл бағдарламаға мемлекеттен 50 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті.

"Осылайша, біз 6 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз ету міндетін аламыз. Олар жалға берілетін үйден өз пәтеріне көшуге мүмкіндік алады", - деді Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қатар ол көпбалалы отбасылар бұл бағдарламаға әкімдіктер берген тұрғын үй сертификаттары бойынша қатыса алатынын жеткізді.

"Астана, Алматы, Шымкент қалалалы мен облыс орталықтарының әкімдіктері тұрғын-үй сертификатын беруге ниет танытты. Бұл әлеуметтік көмек болып саналады. Осылайша, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болуға мүмкіндік алады. 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары пәтер алуға кезекте тұрған отбасыларға беріледі. Бұл бағдарламаның алғашқы жарнасы 10% дейін төмендетілген. Мысалы, 12 миллион теңгенің пәтерін алу үшін 1 миллион 200 мың теңге жарна салса жеткілікті ", - деді басқарма төрағасы.

Бір миллион теңге кімге және қалай берілетіні белгілі болды

Сөз соңында Ләззат Ибрагимова бағдарламаға қатысқысы келген отбасылар әкімдікке барып, "көпбалалы отбасы", "мүмкіндігі шектеулі баланы асырап отыр" немесе "толық емес отбасы" категориясы бойынша пәтер алу кезегінде тұр деген қағаз алуы керектігін атап өтті.

Тақырып бойынша

Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады
Пәтерді қалай тиімді сатып алуға болады - мамандар кеңесі
Мамин көпбалалы отбасыларға баспана қашан беріле бастайтынын айтты
Қазақстанда 2%-тік ипотека алу үшін отбасының табысы қанша болуы керек?
Жалға берілетін үйлерде көпбалалы отбасының мүшелері ғана тұра алады
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, бағдарлама, жарна, пәтер
Загрузка...

Басты тақырып