Қоғам

Тоқаев 1 мамыр мейрамын Алматы қаласында атап өтеді

Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының бірқатар әлеуметтік және мәдени нысанын аралайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысанды аралайды.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың руы кім - президент туралы қызықты деректер

Сонымен қатар, жоспар бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездеседі.

Бұдан бөлек, президент 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Назарбаевпен алғаш кездескен сәтін еске алды

Жаңалықтар
0